Шекара әскерлерінің коммунистік партияның Басшылық жасаукезіндегі Баспасөз бен әдебиеттердегі көрінісі

Авторлар

##doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.26577/HJ.2023.v68.i2.12

Аңдатпа

Заманауи журналистикада еліміздің жүріп өткен тарихындағы баспасөз беттерін жан-жақты зерттеу жұмысы баяғыда-ақ қолға алынған. Осы тұрғыдан алғанда әскери журналистиканың түрлі кезеңдегі қоғамның жаршысы екені белгілі. Әр дәуірдің толыққанды ақпарат құралына айнала білген әскери журналистика саласы - әскери өмірдегі орны бөлек  байланыс құралының діңгегі, бұқаралық-ақпарат құралының ажырамас бөлігі.

Зерттеу жұмысының мақсаты–мақалада Коммунистік партия кезеңіндегі патриоттық тәрбиенің  шекара әскерлеріне әсері жан-жақты зерттеліп сараланды. Қазіргі әскери қызметшілерімізді жауынгерлік рухта  тәрбиелеуде Кеңестік дәуірдің кейбір идеологиялық шараларын қолдану арқылы тәрбие жұмыстарын жүргізу мәселесі алға тартылады.  

Зерттеу әдістері ретінде ғылыми зерттеу жұмыстарын зерделеу мен баспа беттеріне шолу жасау әдістері пайдаланылды. Саралау тәсілінің көмегі арқылы бұқаралық ақпарат құралдарының түр-түріне, олардың әскери қызметшілерге әсері жөніндегі қазіргі көзқарастар зерделенді.

Зерттеу  жұмысының  ғылыми  және  практикалық  мән-маңызы:автор Шекара әскерлерінің коммунистік партияның басшылық жасау кезіндегі баспасөз бен әдебиеттерінің әскери қызметшілерді тәрбиелеудегі рөліне тоқталады. Баспасөз қызметінің Коммунистік партия кезіндегі шекарашыларды отансүйгіштік рухта тәрбиелеудегі қызметін сараптайды. Әскери қызметшілерді ұлттық рухта тәрбиелеуде ақпараттар ағымының маңыздылығын қарастырады. Зерттеу  барысында бұқаралық-ақпарат құралдарының тек қана Шекара қызметінің жеке құрамына ғана әсері емес, еліміздің барлық күштік құрылымдарының жеке құрамына теледидар, ғаламтор, әлеуметтік желілер мен газет-журналдар арқылы жауынгерлердің санасына әсер етіп,  рухани құндылықтарын қалыптастырудың жолдарын ашу жөнінде идея беріледі. Ақпараттың әскер өмірінде өзіндік орны бар екені жан-жақты талданады.

Зерттеу  нәтижелерішекара әскерлері жауынгерлерін отансүйгіштік рухта тәрбиелеуде коммунистік партияның басшылық жасау кезіндегі баспасөз бен әдебиеттердегі көрінісінің насихаттың негізі бағыты болғанын көрсетті. Комсомол жастары мен шекара сақшыларының шекараны берік күзету ісіне біріккен жұмыстарына оң әсерін тигізгені белгілі болды.  

Осы ізденістің құндылығы ретінде Кеңес дәуіріндегі әскери қызметшілерді баспасөз беттері арқылы тәрбиелеудің жолы зерделене отырып, Жаңару мен жаңғыру жолындағы жаңа Қазақстанның жауынгерлерін заманауи тұрғыда тәрбиелеу мен тың ғылыми зерттеулерге жолдарын ашатындығын айтуға болады. 

Түйінді сөздер: Әскери журналистика, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы шекара сақшыларын тәрбиелеу, патриоттық тәрбие, тәртіп.

Жүктеулер

Жарияланды

2023-06-05

Журналдың саны

Бөлім

Ақпарат әлемі