Жаңа дәуірдегі бұқаралық коммуникация құралдарының трансформациясы, басым тенденциялар
##doi.readerDisplayName##:
10.26577/HJ.2023.v69.i3.1Аңдатпа
Мақалада цифрлық дәуір контекстінде бұқаралық коммуникация құралдарының трансформациясы зерттеледі. Зерттеудің негізгі мақсаты – ақпараттық технологиялар мен интернеттің дамуы жағдайында бұқаралық коммуникация саласындағы өзгерістерді анықтайтын басым тенденцияларды анықтау болды. Ақпарат ауқымының еселеніп өсуі, әлеуметтік желілер мен контент әзірлеу парадигмасының өзгеруі, когнитивтік молшылық әлемдік кеңістікте, Қазақ елінің медиа кеңістігінде қандай өзгерістер жасағанын көрсету де зерттеудің басым бағыты болды және зерттеу тақырыбының өзектілігін айшықтайды. Бұл өзгерістердің мемлекеттегі саяси-әлеуметтік және экономикалық қатынастарға қалай ықпал етеді деген сұрақтарға жауаптар «Цифрлық Қазақстан» сияқты бағдарламаларды сараптау арқылы берілді.
Медиа алдында тұрған проблемалар жаһандық сипатта болғанымен, әрбір елге тән өзіндік қиындықтардың табиғаттары да өзгеше болады. Еуропалық технологиялар мен жылдам өсіп жатқан азиялық нарықтың үйлесімі Еуропа мен Азиядағы медианың өзара белсенді әрекеттесуін қажет етеді. Жаһандану жағдайында таңғаларлық оқиғаны бір ғана медиа түрінде жариялау дәстүрі өзгеріп, кез келген контенттің бірнеше ақпараттық платформаларда, әлеуметтік желілерде еркін таралу формасына ауысуы жаңалықтардың таралу моделін мүлдем өзгертіп жіберді. Бұндай трансформацияны, оның басым тенденцияларын зерттеу үшін авторлар өткен ғасырлардағы технологиялық серпіліс кезеңдерін цифрлық дәуірдің ерекше сипаттарымен компоративизм қағидаларына сүйеніп сараптап, құрылымдық-функционалдық талдау, бақылау және мазмұнды талдау әдістерін қолданып тұжырымдар жасайды. Қазақ елінде бұл трансформациялардың саяси-әлеуметтік, экономикалық қатынастардан байқалатынын, қоғамдағы саяси көңіл-күйден көруге болатыны айтылады.
Зерттеудің қорытындысында билік пен халық арасындағы коммуникацияда технологиялық сипат күшейген сайын өздерінің құқықтары үшін күрес, әділетті талап ету, экономикалық, саяси шешімдерге ықпал ету, наразылық көрсету формалары да жаңарғаны көрсетіледі.
Түйінді сөздер: жаңа дәуір, бұқаралық коммуникация, жаңару, қоғамдағы трансформация, технологиялық сипат

