Әлемдік ақпараттық-имидждік саясаттағы жұмсақ күш концепті: сын-тегеуріндер контекстінде
##doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.26577/HJ.2023.v69.i3.04Аңдатпа
Қазіргі кезде мемлекеттер арасында бәсекелестік жоғары деңгейде орын алып жатыр. Осыған сәйкес мемлекеттер арасында бір-бірінен озық болуға, танымалдығын арттыруға, ықпалын тигізуге жұмсақ күш саясатын қолданып жатыр. Ал жұмсақ күштің барлық саласын өз қызығушылығына сәйкес жүзеге асыру және ол арқылы имиджін тарату ақпарат ағыны арқылы өте тиімді болды. Осыған сәйкес зерттеу жұмысының мақсаты – ғалымдардың еңбектері мен зерттеулеріне сүйене отырып, ақпараттық-имиджік саясат қарсаңында жұмсақ күшті пайдалану деңгейінің оң және теріс тұстары, салдары мен мүмкіншіліктері талданады.
Әлем бойынша өз беделін ұстап тұру және оны одан әрі дамыту жолында мемлекеттердің басты өзектілігі – ақпараттың жарық жылдамдығындай тез таралатын дәуірі қарсаңында оның ешқандай бұрмалануынсыз дәл жетуі болып отыр. Бұл мәселемен күрес кез келген мемлекет үкіметінің алдында тұрған қолға алу және жалған ақпараттан сақтану шараларын әрдайым жүргізуге негізделеді. Себебі, әлем халқының жартысынан көп бөлігі интернеттің қол жетімділігіне ие болып отырғандықтан, олардың түсініспеушілік, тіпті даулы мәселелерді тудыратын жайтқа тап болуы айқын. Ал бұл мемлекет имиджі мен беделінің төмендеуіне алып келетіндігі белгілі. Одан басқа әлемнің кез келген бұрышынан хабардар болып отыратын аудитория үшін мемлекеттің немесе оның жұмсақ күшін насихаттаушы тұлғалар, топтар мен ұйымдар да өздерінің әрбір әрекетіне мұқият болуы маңызды.
Сол себептен, мақаланың зерттеу әдістері ретінде ғалымдардың жұмсақ күш пен ақпараттық-имиджік саясаты ұғымдарының теориялық маңызын ашу арқылы мемлекеттер арасындағы өзекті мәселені жүйелі және салыстырмалы талдау, жалпы ғылыми көзқарас әдістері қолданылды.
Автор жұмсақ күштің мемлекет беделін қалыптастыруда ақпараттық саясаттың алатын орны және оның әсері ақпараттың таралу көздері: әлеуметтік желі, дәстүрлі бұқаралық ақпарат құралдары, интернеттегі сайттар немесе кез келген онлайн платформалар тұрғысынан бағаланатынын алға тарта отырып, бұл жолда мемлекеттердің жұмсақ күш сфераларын күшейтумен қатар ақпараттың сүзгіден сараланып өтуі керектігін алға тартады. Зерттеу жұмысының нәтижесі де осы талдауларға негізделеді.
Түйін сөздер: ақпараттық саясат, имидждік саясат, жұмсақ күш, әлемдік ақпарат, сын-тегеурін, интернет, медиа технологиялар.
