Қазақстандық баспасөздегі медиа менеджмент және маркетинг мәселелері
##doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.26577/HJ.2023.v69.i3.08Аңдатпа
Жаңа технологиялар қоғам өміріне заманауи өзгерістер енгізіп, оқырманның, көрерменнің, тыңдаушының ақалауы мен талабы да артып отыр. Болашақта ақпараттық индустрияның маңыздылығы бұқаралық ақпарат құралдарының функционалдығымен бірге арта түсетіні анық. Бұл зерттеудің мақсаты Қазақстанның қазіргі заманғы бұқаралық ақпарат құралдарын зерттеу, сондай-ақ менеджмент және маркетинг саласындағы бар мәселелерді зерделеу болып табылады. Бұл зерттеудің әдіснамалық негізі ғылыми танымның теориялық әдістерін қамтыды. Бұл зерттеуде ақпаратты синтездеу және талдау әдістері, салыстырмалы әдіс, деректерді жүйелі талдау әдісі қолданылды, сондай-ақ осы мәселе бойынша әдеби көздерге теориялық талдау жүргізілді. Сонымен қатар, оқырмандардың қызығушылық деңгейін талдау үшін Қазақстан тұрғындары арасында сауалнама жүргізілді. Зерттеу барысында қазақстандық газеттердің тәжірибесі талданады: «Egemen Qazaqstan», «Бизнес-Мир Қазақстан» және «Риск-Бизнес». Зерттеу барысында қазақстандық бұқаралық ақпарат құралдарының негізгі мәселелері зерттелді. Бұл зерттеудің практикалық құндылығы онда ұсынылған нәтижелерде жатыр, өйткені олар шетелдік және қазақстандық бұқаралық ақпарат құралдары тәжірибесін зерттеу үшін пайдаланылуы мүмкін. Зерттеу сонымен қатар әртүрлі медиа ресурстардың менеджерлері мен маркетологтары пайдалана алатын практикалық нұсқауларды ұсынады.
Түйін сөздер: бұқаралық ақпарат құралдары; баспасөз; медиаменеджмент; жаһандық ақпараттық кеңістік; журналистика.
