Балалар құқығын қорғаудағы медианың рөлі: мәселелер мен шешімдер

Авторлар

##doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.26577/HJ202576208

Кілт сөздер:

медиа, балалар құқығы, қауіпсіздік, зорлық-зомбылық, этика

Аңдатпа

Балалар – Қазақстан қоғамындағы ең осал топтардың санатына жатады. Осы осалдықты еңсерудің жоғары қажеттілігін мойындау ретінде Қазақстан Конституциясына баланың әл-ауқатын қамтамасыз етуге бағытталған түрлі ережелер енгізілді. Ғылыми мақаланың мақсаты – отандық БАҚ-тың бала құқықтарын сақтау әдіс-тәсілдерін және ақпараттық қолдау алгоритмдерін анықтау. Ғылыми тұжырымдама мен идеяның негізі ретінде нақты қағида тұжырымдалған, яғни қоғамның әрбір мүшесі балаларды қорғауды және олардың денсаулығы мен әл-ауқаты үшін жауапкершілікті міндетті деп санайды, сондай-ақ осы бағыттағы отандық онлайн-медианың мүдделері мен жауапкершілік деңгейін саралау ұсынылады.

Авторлар кейбір қазақ тілді әлеуметтік желілер жауапкершілікті елемей, осы тақырыптардың моральдық және этикалық маңыздылығын түсінбей, сенсациялық және рухани құлдырауға әкеліп ұрындыратын жаңалықтардың өршуінің барған сайын қауіпті көздеріне айналуда деген қорытындыға келеді. Зерттеу барысында авторлар "оңай нысанға айналу" тұжырымдамасын алға тартады, онда бұқаралық ақпарат құралдары балалардың құқықтары мен психологиялық жағдайын ескермей, олардың өміріне көзсіз батылдықпен араласудың салдарын ескермей, "баланың жеке шекарасын" бұза отырып, жеке ақпаратты таратқан жағдайларда балалардың қауіп-қатердің тұзағына түсетіні сипатталады.

Сондай-ақ, мақалада балалар туралы БАҚ-та дұрыс ақпарат беру бойынша практикалық ұсыныстар, балалардың жанын жаралайтын деректермен жұмыс істеу ережелері берілген, сонымен қатар нақты мысалдар келтірілген, этикалық және құқықтық шектеулер сипатталған.

Автор өмірбаяндары

  • О.Ж. Ошанова, әл-Фараби ат. ҚазҰУ

    Ошанова Орынтай  Жаңабайқызы  әл-Фараби атындағы  ҚазҰУ-дың журналистика факультетінің ЮНЕСКО-ның журналистика  және коммуникация  кафедрасының  қауымдастырылған  профессоры, филология  ғылымдарының  кандидаты (Алматы  қаласы, Қазақстан, эл. почта: oryntay73@ gmail.com);

  • С. Борибаева, Әл­-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы қ.

    Борибаева Сафура Болатовна - әл-Фараби атындағы  ҚазҰУ-дың халықаралық қатынастар факультеті Дипломатиялық аударма кафедрасы, филология  ғылымдарының  кандидаты, доцент кандидаты  (Алматы  қаласы, Қазақстан, эл.почта: sofikazgu@mail.ru);

  • Т. Орнықбай, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы қ.

    Орнықбай Тоқтабай - әл-Фараби  атындағы  ҚазҰУ-дың журналистика факультетінің ЮНЕСКО-ның  журналистика  және  коммуникация  кафедрасының  докторанты (Алматы  қаласы, Қазақстан, эл.почта: ornyqbay@mail.ru);

Жүктеулер

Жарияланды

2025-06-13

Журналдың саны

Бөлім

Ақпарат әлемі