Қостілділік жағдайындағы әлеуметтік желілердің қазақша сегментінің даму ерекшелігі

Авторлар

DOI:

10.26577/HJ20257849

Кілт сөздер:

социальные сети, казахский язык, билингвизм, информационная политика.

Аңдатпа

Бұл мақалада VK және Facebook әлеуметтік желілеріндегі қазақтілді аудиторияның өсу тенденциялары, пайдаланушылардың пікір жазу белсенділігі, пікір таңдау тілі мен жазба тілі арасындағы корреляция, қостілділік пен қазақ-орыс аралас сөйлеу тілінің таралуы қарастырылады. Зерттеудің мақсаты – Қазақстанда шетелдік әлеуметтік желілердің кеңеюі, интернет-сленгті қолданудың артуы, дискурстың саясилануы және соның нәтижесінде биліктің ұлттық әлеуметтік желілерді құруға деген қызығушылығы аясында екі тілді қолдану тәжірибесін талдау. Жұмыстың ғылыми және практикалық маңыздылығы Қазақстандағы әлеуметтік желілердің көптілді табиғатын айқындайтын жаһандық үрдісті анықтаумен, жазбаша және ауызша сөйлеудің тоғысуы нәтижесінде қалыптасқан тілдік тәжірибе аясында тілдердің өзара ықпалын зерттеумен, сондай-ақ алыс шетел әлеуметтік желілерінің ықпалының әлсіреу үрдісімен қатар, Қазақстан мен Ресейде ұлттық мессенджерлерді жаппай таратуға деген бір мезгілдегі талпынысты талдаумен айқындалады. Зерттеу барысында статистикалық және мазмұндық талдау, салыстырмалы, индуктивті және дедуктивті әдістер қолданылды. Зерттеу нәтижелері бойынша қазақстандық әлеуметтік желілер сегментінің даму ерекшеліктері анықталды. Оларға қостілді ауызекі ортаның жазбаша посттар мен пікір жазу тәжірибесіне ауысуы, аудиторияның бір тілден екінші тілге еркін көшуі, синтез бен кірігу құбылыстары және өзара толық түсіністік жатады.  Сонымен қатар, соңғы жылдары қазақтілді пікірлердің көбею тенденциясы анықталды, бұл өз кезегінде таяу және алыс шетелдік әлеуметтік желілердегі қазақстандық қауымдастықтар арасында тілдік паритетке немесе қазақ тілінің басымдығына әкелуі мүмкін.

Автор өмірбаяндары

  • М.А. Тюлеев, КРУ имени А. Байтұрсынұлы, Костанай, Казахстан

    Төлеев Мұрат Әнанұлы (корреспондент автор) – А. Байтұрсынұлы атындағы ҚӨУ журналистика және коммуникациялық менеджмент кафедрасының докторанты (Қостанай, Қазақстан, электрондық пошта: tma2014@mail.ru);

  • О.Г. Кунгурова, КРУ имени А. Байтұрсынұлы, Костанай, Казахстан

    Кунгурова Ольга Григорьевна – Филология ғылымдарының кандидаты, А. Байтұрсынұлы атындағы ҚӨУ журналистика және коммуникациялық менеджмент кафедрасының профессоры (Қостанай, Қазақстан, электрондық пошта: o.kungurova@gmail.com).

Жүктеулер

Жарияланды

2025-12-19