Instagram платформасындағы қазақстандық бұқаралық ақпарат құралдарының креолизацияланған мәтіндеріндегі кодтау механизмдері

Авторлар

  • Л.М. Жолдаспекова Костанайский региональный университет имени Ахмет Байтұрсынұлы, Костанай, Казахстан
  • О.Г. Кунгурова Костанайский региональный университет имени Ахмет Байтұрсынұлы, Костанай, Казахстан

DOI:

10.26577/HJ80220266

Кілт сөздер:

креолизованный текст, код, поликодовость, Instagram, казахстанские онлайн-СМИ.

Аңдатпа

Мақалада онлайн-БАҚ-тағы креолизацияланған мәтіндер зерттеу нысаны ретінде қарасты-рылып, Instagram платформасындағы контентті кодтау механизмдері зерттеу пәні ретінде тал-данды. Зерттеудің мақсаты – аталған әлеуметтік желідегі ақпаратты кодтау тәсілдері мен код түрлерін айқындау, сондай-ақ қазақстандық танымал онлайн-БАҚ-тың, соның ішінде өңірлік ме-диаресурстардың позициялануы контексінде креолизация деңгейін анықтау.

Жұмыстың негізгі кезеңдері жаңалық аккаунттарын құру тетіктерін, мұқаба, аватар, пост-тар мен бөлімдерді безендіру ерекшеліктерін зерделеуді, сондай-ақ контентті кодтау тәсілдерін талдауды қамтыды. Қазақстандық жаңалық аккаунттарындағы креолизацияланған мәтіндерде кодтау нұсқаларының алуан түрлілігін анықтауға ерекше назар аударылды. Бұл міндет контент-талдау және поликодты дискурс-талдау әдістері арқылы жүзеге асырылды.

Қолданылатын форматтар мен олардың үйлесімі платформаның техникалық сипаттамалары мен әлеуметтік механизмдерін ескере отырып қарастырылды. Зерттеудің ғылыми маңыздылы-ғы әлеуметтік желілердегі медиамәтіндердің креолизациялану үдерісін зерттеуге арналған тә-сілдерді жүйелеуде көрінеді. Практикалық маңыздылығы – нәтижелерді контент-менеджмент тиімділігін арттыру мақсатында қолдану мүмкіндігінде.

Индукция, талдау, синтез сияқты базалық ғылыми әдістермен қатар, салыстырмалы талдау және контент-талдау әдістерін қолдану арқылы Instagram-дағы қазақстандық онлайн-БАҚ-та ви-зуалды-мәтіндік кодтардың басымдығы дәлелденді, құрылымдық элементтерді қолдану заңды-лықтары мен олардың функционалдық рөлі айқындалды.

Мақалада аралас мәтіндерді зерттеуге қатысты терминологиялық біріздендіру мәселесіне де назар аударылып, «креолизацияланған мәтін», «код», «поликодтылық» терминдерін қолданудың негіздемесі ұсынылады. Сонымен қатар медиамәтіндерді кодтауда «карусель» тәсілін пайдалану мәселесіне ерекше көңіл бөлініп, бұл тәсіл кодтау механизмдерінің күрделілік деңгейін арттыра-тыны туралы қорытынды жасалды.

Вербалды және визуалды компоненттердің өзара әрекеттесуін тереңірек түсіндіре отырып, авторлар цифрлық контентті талдау мен оңтайландыруға арналған құралдарды ұсынады. Бұл медиа-коммуникациялар саласындағы зерттеушілер мен практиктер үшін өзекті.

Автор өмірбаяндары

  • Л.М. Жолдаспекова, Костанайский региональный университет имени Ахмет Байтұрсынұлы, Костанай, Казахстан

    Лаура Жолдаспекова – Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университетінің журналистика және коммуникациялық менеджмент кафедрасының докторанты (Қостанай, Қазақстан, e-mail: laura_kst@mail.ru).

  • О.Г. Кунгурова, Костанайский региональный университет имени Ахмет Байтұрсынұлы, Костанай, Казахстан

    Ольга Кунгурова (корреспондент-автор) – филология ғылымдарының кандидаты, Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университетінің журналистика және коммуникациялық менеджмент кафедрасының профессоры (Қостанай, Қазақстан, e-mail: o.kungurova@gmail.com).

Жүктеулер

Жарияланды

2026-06-20

Журналдың саны

Бөлім

ЖУРНАЛИСТИКА: ҚОҒАМ, ТІЛ, ТАРИХ, САЯСАТ, ЗАҢ, ЭКОНОМИКА