Қазақстанның медиадискурсындағы манипуляциялық стратегиялар мен тактикалар: формалары, әдістері, салдарлары
DOI:
https://doi.org/10.26577/aeqmz170Кілт сөздер:
манипуляция, қоғамдық сана, жаңа медиа, дәстүрлі БАҚ, медиакоммуникация.Аңдатпа
Ақпарат ағынының жылдамдығы адам санасына ықпал етудің жасырын жолдарын көбейтті. Сол себепті медиадағы манипуляция ғылыми тұрғыдан жан-жақты зерделеуді талап етеді. Осы зерттеу аясында ескі және жаңа медиа ресурстарының ықпал ету ерекшеліктері талданды. Ғылыми зерттеудің мақсаты – ақпаратты беру формасына қарай манипуляциялық тетіктердің қалай өзгеретінін және олардың әлеуметтік көзқарасты қалай өзгертетінін түсіндіру.
Зерттеу нысаны ретінде «Egemen Qazaqstan» газетінің материалдары мен Threads әлеуметтік желісіндегі жазбалар алынды. Жұмыс манипуляция түрлерінің платформаға тәуелді авторлық типологиясын ұсынуымен маңызды. Медиасауат деңгейін арттыруға және ақпаратты сыни қабылдау дағдыларын дамытуға бағытталуы зерттеудің практикалық маңызын айшықтайды.
Зерттеу кезінде дискурс-талдау, салыстырмалы талдау және эмпирикалық сауалнама әдістері қолданылды. Зерттеу нәтижелері дәстүрлі БАҚ-та нормативті-дискурстық және беделге сүйенген манипуляция басым екенін, ал жаңа медиада эмоциялық-моральдық және мобилизациялық ықпал ету жетекші орын алатынын көрсетті. Мақала отандық медиакеңістіктегі манипуляцияны платформаға тәуелді, көпқырлы және күрделі әлеуметтік-дискурсивтік құбылыс ретінде түсіндіруге үлес қосады. Алынған тұжырымдар журналистика, медиазерттеу және коммуникация салаларында қолдануға болады.









