Интернет әлеміндегі ұлттық медиаконтент морфологиясы

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/p4svq82004

Түйін сөздер:

контент-талдау, цифрлық медиа, қазақтілді медиаконтент, Qazaqstan TV, Informburo.kz, Massaget.kz, ұлттық медиакеңістік, медиажурналистика.

Аңдатпа

Қазіргі цифрлық медиакеңістіктің қарқынды дамуы ұлттық ақпарат құралдарының мазмұны мен құрылымына елеулі ықпал етуде. Осыған байланысты қазақтілді цифрлық медиаконтенттің тақырыптық ерекшеліктерін, редакциялық ұстанымдарын және мазмұндық құрылымын зерттеу ғылыми және практикалық тұрғыдан өзекті. Мақаланың мақсаты – Qazaqstan TV, Informburo.kz және Massaget.kz платформаларында жарияланған медиа материалдарды контент-талдау негізінде салыстырып, олардың негізгі мазмұндық бағыттарын, редакциялық ерекшеліктерін және коммуникативтік сипаттарын анықтау. Зерттеудің эмпирикалық базасын 2024-2025 жылдары жарияланған, мақсатты іріктеу әдісімен таңдалған әр медиаплатформадан 20 мақаладан, барлығы 60 материал құрады. Контент-талдау алдын ала әзірленген кодтау парағына сәйкес жүргізіліп, барлық материалдар сегіз параметр бойынша бағаланды: негізгі категориялар, тақырыптық бағыт, тональділік, идеологиялық қарқын, пікір алуандығы, әлеуметтік маңыздылық, мәтін стилі және реакция формасы. Зерттелген үш медиада да қоғам үшін өзекті мәселелерге басымдық берілетіні және ақпараттың негізінен нақты деректерге сүйеніп жеткізілетіні байқалды. Алайда бір мәселе төңірегіндегі әртүрлі немесе балама көзқарастарды қатар көрсету деңгейі барлық медиада бірдей жоғары емес. Зерттеу нәтижелері қазақтілді цифрлық медиаконтенттің редакциялық ерекшеліктерін жүйелеуге, ұлттық медиакеңістіктің даму үрдістерін бағалауға және медиажурналистика, медиакоммуникация, контент өндірісі мен ұлттық ақпараттық саясат салаларындағы ғылыми зерттеулерді толықтырады. Алынған қорытындылар цифрлық медианың мазмұндық сапасын бағалау, редакциялық саясатты жетілдіру және журналистика мамандарын даярлау үдерісінде қолдануға негіз бола алады.

Автор өмірбаяндары

  • Б. Әліқожа, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы, Қазақстан

    Бауыржан Әліқожа (корреспондент-автор) – әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Журналистика факультетінің PhD докторанты (Алматы, Қазақстан, e-mail: bauyr_zhan@mail.ru).

  • З. Авшар, Анкара Хаджи Байрам Вели университеті, Анкара, Түркия

    Закир Авшар – философия докторы (PhD), Анкара Хаджи Байрам Вели университеті коммуникация факультетінің профессоры (Анкара, Түркия, e-mail: zakir.avsar@hbv.edu.tr).

Жарияланды

2026-11-20

Журналдың саны

Бөлім

ЖУРНАЛИСТИКА: ҚОҒАМ, ТІЛ, ТАРИХ, САЯСАТ, ЗАҢ, ЭКОНОМИКА