Бейнемазмұн форматының цифрлық журналистикадағы аудиторияның белсенділігіне әсері
DOI:
https://doi.org/10.26577/p4svq82010Түйін сөздер:
иммерсивті журналистика, цифрлық технологиялар, медиатехнологиялар, бейнемазмұн, қатысу, аудитория, 360° бейне, қатысу әсері.Аңдатпа
Журналистиканы цифрландыру процестері аудиторияның ақпараттық-коммуникативтік процеске қатысуы тұрғысынан ақпаратты қабылдауының өзгеруіне әкелді. Қазіргі кезеңде цифрлық журналистикада аудиторияның назарын аударуға және сақтауға бағытталған бейнемазмұн форматтарын дамыту мәселесі өзекті болып отыр. Жаһандық цифрлық медиакеңістікті жаңғыртудың осы кезеңінде жаңа ақпараттық ортадағы өзгерістер мен мінез-құлық стратегияларын түсіну әлі де эксперименталды сатыда тұр.
Мақаланың мақсаты – аудиторияның қызығушылығы мен қатысуы тұрғысынан ақпарат берудің дәстүрлі және иммерсивті форматтарына салыстырмалы талдау жасау. Ғылыми маңыздылығы мазмұнды тарату мен аудиторияны тартудың ең өзекті тәсілдерін, атап айтқанда, иммерсивті технологияларды (мысалы, 360 градустық бейне және VR көзілдірігін) қолдануды анықтаумен айқындалады. Бұл формат көрермендерге travel-шолулар, жаңалықтар репортаждары немесе мәдени іс-шаралар арқылы журналистік материалдармен өзара әрекеттесуге жаңа мүмкіндіктер береді. Дегенмен, иммерсивті технологиялардың дәстүрлі бейнені қабылдау және әсер ету күшінен шынымен де жоғары екендігі әлі де толық зерттелмеген мәселе болып отыр. Зерттеу әдістемесі жүйелік тәсіл мен салыстырмалы талдау әдісіне негізделген. Зерттеу нәтижесі – материалға қызығушылық, эмоционалды қабылдау, қатысу әсері және оқиға атмосферасын түсіну арқылы көрінетін дәстүрлі және 360 градустық бейнемазмұнды қабылдау кезіндегі көрермендердің субъективті қатысу ерекшеліктерін айқындау. Практикалық маңызы: зерттеу нәтижелерін иммерсивті журналистика және заманауи медиатехнологиялар бойынша оқу пәндеріне енгізуге болады, сондай-ақ ол БАҚ мамандары, зерттеуші ғалымдар мен сарапшылар үшін теориялық бағдар бола алады.









