Мультимедиалық журналистикадағы сторителлинг формаларының дамуы
DOI:
https://doi.org/10.26577/p4svq82011Түйін сөздер:
мультимедиалық журналистика, сторителлинг, цифрлық медиа, лонгрид, интерактивті контент, иммерсивті журналистика.Аңдатпа
Мақалада мультимедиалық журналистика өрісіндегі сторителлинг формаларының қалыптасу арнасы, мазмұндық жаңғыруы және замануи бағыттары ғылыми тұрғыдан зерделенеді. Авторлар бүгінгі медиа кеңістікте визуалды және интерактивті элементтердің басымдыққа ие болуын жаңа коммуникациялық парадигманың қалыптасуымен байланыстырады.
Зерттеудің негізгі өзегі дәстүрлі журналистикаға тән баяндау машығының цифрлық дәуір ықпалымен түрленуін пайымдау және жаңа медиа кеңістігінде орныққан сторителлинг үлгілерінің табиғатын ашу. Аталмыш мақсатта мәтін, бейне, дыбыс, сурет, инфографика және интерактивті тетіктердің тоғысуынан туған медиа өнімдердің ішкі құрылымы мен мәндік қабаты сарапқа салынады.
Лонгрид, дерекке негізделген журналистика, подкастинг, видеосторителлинг, иммерсивті репортаж сынды жаңа форматтардың ақпарат жеткізудегі әлеуеті айқындалады. Аталған үлгілер аудиторияны сырттай бақылаушы күйінде қалдырмай, оқиға өзегіне жақындатып, медиа мәтінмен терең байланыс орнатуға түрткі болып отыр. Нәтижесінде журналистік баяндау бір арналы ақпарат таратудан асып, көру, есту, сезіну және ой елегінен өткізу қабаттары қатар өрілетін күрделі коммуникациялық жүйеге ұласады.
Зерттеу барысында мультимедиалық сторителлингтің ақпаратты қабылдау психологиясына әсері, аудитория назарын баурау қуаты ғылыми пайыммен таразыланады. Медиатұтыну мәдениетінде визуалды әрі интерактивті элементтердің алдыңғы қатарға шығуы жаңа коммуникациялық парадигманың орнығуымен сабақтастырылады.
Жұмыстың ғылыми түйіндері мультимедиалық сторителлингтің заманауи журналистикадағы салмағын айқындап, болашақтағы өрісін бағамдауға негіз қалайды. Ұсынылған тұжырымдар медиа теориясын байытып қана қоймай, редакциялық тәжірибеде жаңа форматтарды ұтымды қолдануға бағыт-бағдар береді.









