«Таһир-Зухра» дастаны және көркемдік дәстүр жалғастығы

Авторлар

  • П. Бисенбаев Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы қ.

Кілт сөздер:

Түйін сөздер, нұсқа, мотив, дәстүр, эпос, сюжет, жанр, мұра, дастан, фольклор, бейне.

Аңдатпа

Алғашқыда ауызша таралып, кейіннен хатқа түсірілген әдеби мұраның бірі – «Таһир-Зухра». Ортаазиялық түркі дәстүрінде туған бұл дастан жөнінде байсалды зерттеу жазылатын уақыт жетті деп есептейміз. Мақала авторы «Таһир-Зухра» дастанының мағыналық бөліктерін әйгілі туындының өзбек, түрікмен, татар жұртына мәлім нұсқаларымен салыстыра отырып, романдық эпостың жанрлық сипатын, көркемдік бітімін және айырым-ерекшеліктерін анықтауды мақсат еткен. Мұнда шығарма желісіндегі оқиғалардың қазақтың «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» лиро-эпосында, араб-парсы әдебиетінің әсерімен жырланған «Ләйлі-Мәжнүн» дастанында кездесетін дәстүрлі сарындармен ұқсастығы сөз болады.

Жүктеулер

Жарияланды

2016-04-01

Журналдың саны

Бөлім

Связь с общественностью и PR