Филологиялық білім сапасы: болашаққа жаңа бағдар
Кілт сөздер:
Түйін сөздер, сөз, бағалау концепті, лебіздегі мән, мағына, қазір гі оқыту жүйесі.Аңдатпа
Мақалада сөз қадірі, сөз киесі, аталы сөз айту – көп сөйлемей, дөп сөйлеу; сөздің байыбын танып, байламды жеткізудегі шеберлік пен шешендіктің синкреттілігі, яғни, сөзді бағалау концептісі талда нады. Сөз мен ойдың жұбы жазылмай, біріненбірі туындап, бірімен бірі жымдасып жатқаны мысалдармен дәйектеледі.
Бүгінгі қазақ тіл білімі тілдік бірліктердің фонетикалық, лексико логиялық және грамматикалық құрылымын синхрониялы және диах рониялы негізде жүйеледі. Ендігі бағдар Сөздің лебіздегі мағынасы мен мәнін зерделеу. Ғылыми білімінің дамуы тіл ғылымының жағ дайымен, дамуымен тығыз байланысты, өйткені ғылыми білім Сөзбен жеткізіледі, айтылады, дәлелденеді. Тіл – әлемді танудың белгілі бір дәрежедегі көрінісі ғана емес, оның құралы да.
Осы ретте бүгінгі оқыту жүйесіне – тілдік тұлғаларды бөліп, жік теп оқытудан гөрі, лебіздегі тілдік тұлғалардың мағынасын, мәнін, танымдық ерекшелігін, ұлттық таным мен ұлттық болмыс қалыптас тырған ішкі уәжін терең таныстырудың, оқытудың маңызы ерекше болғандықтан, оқытудың жаңа жүйесіне сәйкес жаңа негізгі курстар мен элективті курстар қалыптастыру – бүгінгі күннің өзекті ғылыми әдістемелік мәселесінің бірі екендігі нақтыланады.
