Х. Досмұхамедұлының публицистикасындағы ғылыми көзқарастар

Авторлар

  • А. Масимбаева Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті image/svg+xml
  • Алдабек Н.Ә.

Кілт сөздер:

публицистика, интеллектуальдық біліктілік., Түйін сөздер, публицистика, интеллектуальдық біліктілік.

Аңдатпа

Мақалада Алаш қайраткерлерінің бірі Халел Досмұхамедұлының қазақ публицистикасының дамып, өркендеуіне қосқан үлесі баянда­ лады. Ол өзінің бүкіл саналы ғұмырында, 1905 жыл мен 1927 жылдар аралығында көптеген публицистикалық, ғылыми­танымдық мақала­ лар жазып, өзі өмір сүрген уақыттың тарихи шежіресін жасады. Ол патша үкіметі, кеңес үкіметі тұсындағы Қазақстандағы саяси ахуал, сыртқы жағдай, оқу­ағарту, медицинаны дамыту, халықтың денсау­ лығы, өнер, әдебиет, тарих, тіл тағы да басқа маңызды тақырыптарға қалам тартты. Қандай да бір мәселені зерттеп, дайындап барып жа­ зу, өз заманының ең келелі мәселелеріне назар аудару, проблемалар­ дың шешімін іздестіру, халыққа қарапайым тілмен түсіндіріп жеткізу, жетістіктермен қоса кемшіліктерді ашық айтып, оларға көңіл бөліп отыру Халел Досмұхамедұлының публицисткасын айқындайтын өз­ гешеліктер. Қаламынан туған қай шығармасы болсын, нағыз қайрат­ керлік, ұлтжандылық қасиеттің айқын көрінуі Халел Досмұхамедұлы публицистикасының басты ерекшелігі екендігі сараланады.

 

 

Жүктеулер

Жарияланды

2016-04-21

Журналдың саны

Бөлім

БAСПA ІСІ ЖӘНЕ ДИЗAЙН