Қазақ көркемсуретті киносындағы қоғам көрінісінің өзгеру сатылары
Кілт сөздер:
кинематограф, көркемсуретті фильм, дәстүрлі жә не модерн қоғам, ауыл, қала, цензура, идеология., Түйін сөздер, кинематограф, көркемсуретті фильм, дәстүрлі жә не модерн қоғам, ауыл, қала, цензура, идеология.Аңдатпа
Бұл мақалада дәстүрлі қазақ ауылының заманауи қоғамға өзгеру жолы және оның кинодағы көрініс табу мәселелері қарастырылады. Заманауи қазақстандық қала дәстүрлі қоғамның 1917 жылғы Қазан төңкерісі, Кеңес Одағының пайда болуы, күштеп ұжымдастыру, ұлы жұт, «қызыл қырғын» атанған Сталин заманындағы қазақ зиялылары ның жаппай өтлірілуі, қазақтардың жайылым жерлерін қысқартуға әкелген тың жерлерді игеру бағдарламасы, екі онжылдықтың ішінде қазақ әліпбиінің төте жазудан алдымен латын, кейін кириллдік жазу үлгісіне ауыстыру отаршылдық саясаты сияқты үлкен әлеуметтік өз герістердің салдарының ықпалы өте зор.
