Хабардағы акустиканың маңызы
Кілт сөздер:
акустика, интершу, монтаж, дыбыс, микрофон.Аңдатпа
Радиода хабарларды акустикалық безендіру құралдары – дыбыс, шу, музыка, монтаж болып есептеледі. Дыбыстық сигналмен жасала-тын әрекеттердің бәрі жоғары деңгейдегі аппаратуралармен жүзеге асырылады, ал мұның өзі болашақ радиожурналистерге, тележурна-листерге жаңа жүйелерді меңгеруді міндеттейді. Радиохабарларды тыңдарманға жол табу мақсатында көркемдеудің де бір жолы акус-тика деп танылады. Акустика радио мен телевидениеде ерекше рөл атқарады. Акустика термині физикада қолданылады. Бірақ радио мен телевидениедегі акустиканың орны мен қызметі бөлек. Ол – ха-барлардың дұрыс жасалуына әсер ететін фактор. Ал мұның өзі мик-рофон қолданылатын, дыбыс, сөз жазылатын және эфирден беріле-тін ақпарат құралдары үшін ескертуді қажет ететін жәйт. Радиода хабарларды акустикалық безендіру құралдары – дыбыс, шу, музыка, монтаж болып есептеледі.

