Желілік коммуникациядағы қоғамдық сана және қазақ тілді контентті қалыптастыру ерекшеліктері

Авторлар

  • А. Күзербаева Әл-Фара­би­ атында­ғы­ Қазақ­ ұлттық­ универ­си­те­ті­, Қазақ­стан­ Респуб­ли­ка­сы­, Алма­ты­ қ.

Кілт сөздер:

Түйін сөздер, қоғамдық сана, желілік коммуникация, қазақ тілді контент, идеология.

Аңдатпа

Бұл мақала әлеуметтік орта мен оның барлық салаларына диалог пен қарым-қатынас орнатудың жаңа формаларын енгізіп отырған же­ лілік коммуникацияның заманалы қоғамдағы рөліне арналған. Желі­ лік коммуникация бүгінде қоғамдық сананы қалыптастырушы негізгі күш ретінде алға шықты. Мақаланың мақсаты әлеуметтік желілердегі қоғамдық сананы зерттеу арқылы, мұндай желілердің қазақ тілі мен қазақ тілді контенттің дамуына әсерін зерттеу. Мақала авторы өз ма­ қаласында интернет кеңістігіндегі қазақ тілді контенттің қалыптасуы мен оның даму ерекшеліктерін зерттеуге басымдық береді. Сонымен бірге, қазақ тіліндегі мазмұнның бағыты мен оның кемшін тұстарын анықтауға тырысады. Мақалада көптеген интернет саласында қыз­ мет етіп жүрген тұлғалардың пікірлері, зерттеулері негізге алынған. Онымен қоса, түрлі отандық және шетел зерттеу агенттіктерінің ста­ тистикалық мәліметтері келтірілген. Автор өз мақаласында қазақ же­ лілік коммуникациясының даму перспективасын жан-жақты болжам жасау арқылы зерттеуге тырысқан.

 


Жүктеулер

Журналдың саны

Бөлім

Связь с общественностью и PR