Cтуденттердің журнaлистикaны оқуғa мотивaцияcы: (бaйлaныс және журнaлистикa фaкультеттерінің студенттеріне жaһaндық сaуaлнaмa негізінде) демогрaфиялық фaктор

Авторлар

  • Galiya Ibrayeva Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті image/svg+xml

Аңдатпа

Әл-Фараби атындағы журналистика факультеті республикамыздағы ең ірі оқу орны болып
табылады, онда 700-ге жуық студент білім алуда. «Журналистика» мамандығы тағы 18 мемлекеттік
және жеке меншік оқу орындарында оқытылады. Бұл күндері журналистика факультетінде
тәуелсіздік алған кезеңде туып-өскен ұрпақ білім алуда. Ол Z ұрпағы, жаңа технология ғасыры
тумасы.
1912 жылы «Journalism Students Across the Globe» және Квинсленд Технологиялық
университетімен бірге Сантьягодағы журналистика мектебі бірігіп журналист-студенттер
арасында халықаралық сауалнама жүргізді. 2017 жылы бұл зерттеу жобасы 40 елден ғалымдарды
жинап, студентердің саяси, экономикалық, әлеуметтік және мәдени өмірлерін зерттей отырып
журналист мамандығын таңдау себебін түсінбек болды.
Қазақстанда зерттеу жұмысына 334 студент қатысты, оның 278 бакалавр, 56 магистр.
Жаһандық сауалнамаға журналистика студенттерінің қатысуы олардың қазіргі қоғамда болашақ
өз мамандықтарын танып-білуге көп септігін тигізеді. Бұл сондай-ақ журналистиканың белгілі
халықаралық мектептерімен салыстырмалы талдау жүргізуге көмектеседі. Сауалнама кітабшасы
35 сұрақтан тұрады, SPSS бағдарламасымен өңделген сауалнамалар маңызды ақпараттар берді.

Жүктеулер

Жарияланды

2018-02-26

Журналдың саны

Бөлім

Связь с общественностью и PR