ЖАЗУШЫ ЗЕЙНОЛЛА СӘНІКТІҢ «ДЕМЕЖАН БАТЫР» ТАРИХИ ЭССЕСІ ТУРАЛЫ
Аңдатпа
З. Сәніктің «Демежан батыр» атты тарихи эссе кітабының тарихи шындық пен көркемдік
шешім тұрғысынан салыстырмалы түрде қарастырылды. Демежан батыр жасаған дәуір шындығы
мен саяси сарынның сүрлеуін тарихи шындық негізінде баяндаған автордың өзіндік пікірлерін де
көпшілік оқырманға саралап ұсыну маңызды мәселе. Қ. Жұмаділев секілді халық жазушысының
«Тағдыр», «Дарабоз» секілді еңбегі мен З. Сәніктің «Демежан батыр» тарихи эссесінің аражігінде
қандай көркемдік шешім мен тарихи шындық негіздері жатқандығы да тәуелсіздік тұсындағы
әдебиеттанудың өзекті мәселелерінің бірі. Осы тұрғыдан келгенде тақырыптың қажеттілігі
әдебиет сүйер қауым мен жалпы қазақ үшін арта түседі.

