Ақпараттың шынайылығын қалай тексереміз?

Авторлар

  • Есенгуль Капкызы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті image/svg+xml

Аңдатпа

Бұл мақалада автор қазіргі қазақ журналистикасында аса өзекті мәселелердің бірі болып отырған ақпаратты алу және оны тексеру жолдары мен амалдарын ұсынады. Ақпараттың шынайылығын тексеру – бүгінгі қазақ журналистикасында басты проблемаға айналып отыр. Күн сайын, сағат сайын көбейіп отырған ақпараттық сайттар мен онлайн журналистиканың қазіргі қоғамдық пікірді туғызудағы ықпалы күшейіп келеді. Бірақ соған қарамастан, сапалы журналистиканың негізі – сараптама жасау, ақпараттарды сүзгіден өткізу, мәліметтермен жұмыс істеу және ақпаратқа қол жеткізу секілді мәселелер ақсап жатыр. Сол себепті де болашақ журналистердің қаперіне ақпаратты алу, оны өңдеу және оның қандай қайнар көздерден алынғанын тексеру жайында аздаған мағлұмат беріледі. Әрине, мақалада ұсынылатын кейбір ресурстар арқылы қазақ тіліндегі мәліметтерді тексеру мүмкіндігі төмен болар. Алайда, қазақ қоғамы қазір жаһандық ақпараттар тасқынында өмір сүріп отырғандықтан, әлемдегі геосаяси мәселелерден тыс қала алмайтын болғандықтан, журналистер бірнеше тілдегі ресурстармен жұмыс істеу дағдысына үйреніп келеді. Бірақ, өзге тілдегі ресурстардың барлығы бірдей шынайы ақпарат ұсынбайтындығын бүгінге дейін біраз дүние дәлелдеп берді. Ал мақалада сол ресурстар ұсынған ақпараттарды шайнамай, қорытпай, шынайылығын тексермей қолдануға болмайтындығы біраз нақты фактілермен дәлелденеді. 2015 жылы қабылданған «Ақпаратқа қол жетімділік» туралы заңның ақпаратты алуға және оның шынайылығын тексеруге біраз жеңілдіктер жасайтындығына арнайы тоқталады.

Жүктеулер

Жарияланды

2018-04-17

Журналдың саны

Бөлім

Связь с общественностью и PR