Телевидениедегі балалар аудиториясының типологиясы: балалардың бағдарламалар мазмұнын қабылдау мәселелері
Аңдатпа
Мақалада телевидениедегі балалар аудиториясының типологиясы қарастырылады. Балалар
аудиториясының типологиясы көрермендердің әр топтарының сипаттамаларын, олардың қажеттіліктері
мен мүдделерін анықтауға, балалар хабарын таратуды оңтайландыруға қажетті барлық
нәрселерді анықтауға көмектеседі. Зерттеуде пайдаланылған типология әдісі жаратылыстану
ғылымдарында кеңінен қолданылады. Қазіргі уақытта ол гуманитарлық ғылымдарда, атап айтқанда,
журналистикада жиі қолданылады. Автор балалар аудиториясының ұлттық ерекшеліктерін де
қарастырады. Бұрынғы өмірлік тәжірибе барысында балалардың тілді меңгеруі оларға әлемді тануға
мүмкіндік береді. Біздің ана тіліміздің призмасы арқылы әлемді танымаймыз не болмаса моделдей
алмаймыз деген пікірге ешқандай негіз жоқ. Бұл балалардың телевизиялық бағдарламалардың
мазмұнын қабылдау мәселесін анықтауға мүмкіндік береді. Бағдарламаларда ауызша түсіндіруден
гөрі визуалды көрсетулер басымдылыққа
ие болатыны белгілі. Демек, телебағдарлама балалардың
табиғаты үшін ең қолайлы, өйткені олардың ойлау жолдары осыған ұқсас келеді. Жеке кодты
ауызша (акустикалық) тілге аудару арқылы осы образдарды жасауға болады. Телевизиялық
кадрдың басқа ақпарат құралдарынан артықшылығы бар: телебағдарлама жас көрермендерде
нақты бейнені қалыптастырады.
Олар балалар ойлағанындай бірдей код бойынша беріледі. Соңғы
кездері көрнекі бейнені қалыптастыру мәселесін қарастыратын зерттеулердің пайда болуына
қарамастан,
ақпараттың акустикалық немесе визуалды код түрінде баланың ішкі кодына ал-
мастыру үдерісі толығымен анықталған жоқ.

