Ортaлық Азиядaғы БАҚ-ты қaдaғaлaу жүйесі әдістемесі мен әдістері: хaлықaрaлық және ұлттық тәжірибе
Аңдатпа
Аймақтық мүдделерге саяси үрдістерге бейімделу сипаты тән, сондықтан БАҚ этикалық нормалар мен уақыт талабын сақтауға міндетті. Отандық журналистиканың тарихында ХХ ғасырдың бұқаралық ақпарат құралдары мазмұнын басқаруды «орталықтандыру» тәжірибесі аса танымал емес. Қазақ Республикасының дербес автономдық мәртебесі Орталыққа кейбір идеологиялық тәуелділігін білдірді. Журналистиканың білім мен ғылым ошағы ретінде қалыптасуы саяси үрдістер мен ауызекі дау-тартыстардың пайда болуына ықпал етті. Мақала авторы Орталық Азия елдері БАҚ-тың мазмұны мен концентрациясын бақылау жүйесін және әдіснамасын жасау қажеттілігін айтады. Мониторинг әдістемелерін жасауда туындаған мәселелерді білім беру бағдарламалары аясында болашақ журналист-студенттер, магистранттар мен докторанттар зерттеуі мүмкін.
Түйін сөздер: Орталық Азия, бұқаралық ақпарат құралдары, Мұстафа Шоқай, Кәрім Тоқтабаев, журналистика, баспасөз орталығы, әдістеме.
