Саяси дискурс мәселелері: саяси коммуникация және саяси дискурс

Авторы

  • Қ. Кенжеқанова Казахский национальный университет имени аль-Фараби image/svg+xml

Ключевые слова:

Түйін сөздер, саяси коммуникация, саяси дискурс, адресант, адресат, идеология.

Аннотация

Мақалада саяси коммуникация, саяси дискурс мәселелеріне түсінік беріліп, олардың анықтамалары ашылады. Саяси коммуникацияның қатысушылары саяси партиялар мен институттардың өкілдері болып табылады. Сондықтан саяси қарым­қатынас үнемі идеологиялық си­ патта болады. Ал саяси дискурстың қатысушылары адресант пен адресат. Саяси дискурстың өзі институционалды дискурс ретінде оған белгілі бір интенция, коммуниканттардың статустық­рөлдік ерек­ шелігі, өзгергіштігі тән. Саяси дискурс билік үшін күрестегі құрал ретінде қолданылады. Саясат тілінің сегіз бірдей қызметі талқыланды. Саяси оқиғалардың бақылаушысы болып табылатын адресат (халық) саяси коммуникацияның ерекшелігін айқындайды. Саяси коммуни­ кация мен саяси дискурста бұқаралық ақпарат құралдарының рөлі де айрықша. Саяси дискурстың негізгі ерекшеліктері оның баға­ лауыштық және агрессивтік қасиетімен, мақсатымен және өзіндік аргументациясымен анықталды. Саяси дискурс қоғамдағы идеология­ лық парадигмалармен өзара байланысты болуымен, сонымен қатар қоғамдық санаға жаңа құндылықтарды таратуымен ерекшеленеді.


Опубликован

21.04.2016

Выпуск

Раздел

Связь с общественностью и PR

Как цитировать

Саяси дискурс мәселелері: саяси коммуникация және саяси дискурс. (2016). Herald of Journalism, 37(2). https://bulletin-journalism.kaznu.kz/index.php/1-journal/article/view/454