«Таһир-Зухра» дастаны және көркемдік дәстүр жалғастығы

Авторы

  • П. Бисенбаев Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы қ.

Ключевые слова:

Түйін сөздер, нұсқа, мотив, дәстүр, эпос, сюжет, жанр, мұра, дастан, фольклор, бейне.

Аннотация

Алғашқыда ауызша таралып, кейіннен хатқа түсірілген әдеби мұраның бірі – «Таһир-Зухра». Ортаазиялық түркі дәстүрінде туған бұл дастан жөнінде байсалды зерттеу жазылатын уақыт жетті деп есептейміз. Мақала авторы «Таһир-Зухра» дастанының мағыналық бөліктерін әйгілі туындының өзбек, түрікмен, татар жұртына мәлім нұсқаларымен салыстыра отырып, романдық эпостың жанрлық сипатын, көркемдік бітімін және айырым-ерекшеліктерін анықтауды мақсат еткен. Мұнда шығарма желісіндегі оқиғалардың қазақтың «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» лиро-эпосында, араб-парсы әдебиетінің әсерімен жырланған «Ләйлі-Мәжнүн» дастанында кездесетін дәстүрлі сарындармен ұқсастығы сөз болады.

Опубликован

01.04.2016

Выпуск

Раздел

Связь с общественностью и PR

Как цитировать

«Таһир-Зухра» дастаны және көркемдік дәстүр жалғастығы. (2016). Herald of Journalism, 38(2). https://bulletin-journalism.kaznu.kz/index.php/1-journal/article/view/396