Корпоративтік басылымдар – мекемедегі PR�қызметтің құралы
Ключевые слова:
Түйін сөздер, PR, корпоративтік басылымдар, ішкі және сыртқы коммуникациялар, корпоративтік имидж.Аннотация
Мақалада корпоративтік басылымдардың мақсаты мен міндеттері, мазмұны және PRдың құралы ретіндегі қызметі сөз болады. Мекеменің тиімді қызмет етіп, сыртқы коммуникация жүйесін сауатты жүргізу үшін корпоративтік стратегияның маңызы зор. Оның маңызды бір бөлігі – корпоративтік басылымдар. Корпоративтік басылымдар ішкі және сыртқы болып бөлінеді. Сыртқы аудиторияға арналған басылымдар мазмұнды, қызықты болуы тиіс. Онда компанияның қызметі, жетістіктері, жоспарлары туралы тұтынушылар мен серіктестерге ақпарат беріледі. Бұл мекеме мен сыртқы қоғамдық топтардың арасында өзар сенімге негізделген байланыс орнатады. Қазіргі таңдағы көптеген корпоративтік басылымдарда компанияның әлеуеті, ұсынатын тауарлары жазылады. Алайда кейбір компаниялар мақсатты аудиторияның құндылығын қолдауға бағытталу қажеттігін түсіне бермейді. Бұл саясат корпоративтік басылымда анық көрініс табуы қажет. БАҚтың рекреативті функциясын орындау басылымның мазмұнын арттырады. Оқырмандар көбейеді. Корпоративтік мәдениетті қалыптастырудың тиімді құралы ретіндегі корпоративтік басылымдар компанияның имиджін қалыптастыруға ықпал етеді.
