Қазақстандағы мүгедектермен әлеуметтік жұмыс
Ключевые слова:
Түйін сөздер, мүмкіндігі шектеулі жандар, декларация, пандус, аурухана, емделуші.Аннотация
Қазақстан тәуелсіздік алған уақыттан бері мемлекеттік саясатта мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған көмек жүйесі құрылуына айы-рықша көңіл бөлініп келеді. Бұл Қазақстан Республикасының мүге-дектерге қатысты ұлттық саясат нормативтік құқықтық актілері мен тұжырымдамаларында өз көрінісін тапты. Мемлекеттің міндеті мұн-дай азаматтарға басқа азаматтармен тең дәрежеде болатын лайықты өмірмен қамтамасыз ету болып табылады. Мақалада автор мүгедек-тердің моральды-психологиялық жағдайы және олардың құқықта-рына қатысты халықаралық декларацияларды талдай отырып, өмір сүруге қатысты құқықтық жағынан қамтамасыз етілуін сөз етеді. Ма-қалада мемлекеттік емес ұйымдардың мүмкіндігі шектеулі жандар-дың мәселелерін шешуде атқарған іс-әрекеттері көрсетіледі.
