Шыңғыс Айтматов шығармашылығындағы экологиялық дискурстың мәселелері
DOI:
10.26577/HJ.2021.v60.i2.08Аңдатпа
Мақала әлем мемлекеттерінің табиғи ресурстарды қорғау саласындағы ойластырылмаған саясатының нәтижесі болған қазіргі қоғамның жақындап келе жатқан экологиялық дағдарысты түсінудің өзекті мәселесіне арналған. Осыған байланысты көптеген елдерде экологиялық проблемаларды шұғыл түрде түзетуге, қоршаған ортаны қорғаудың қажетті шараларын жүргізуге, сонымен қатар олар туралы халықты кеңінен ақпараттандыруға бағытталған жұмыстар жүргізілуде. Бұқаралық ақпарат құралдарына және публицистерге экологиялық дискурсты кеңінен тарату міндеті жүктелген, ол тек экологиялық проблемаларды жариялаумен ғана шектеліп қана қоймай, сонымен бірге оның планетаны экологиялық апаттан құтқарудағы рөлі туралы адамзаттың хабардар болу аясын кеңейтеді. Мақаланың мақсаты
– ұлы жазушы және публицист Ш.Т. Айтматовтың көркемдік-философиялық түсінігіндегі экологиялық дискурстың мәселелері мен негізгі бағыттарын қарастыру. Мақаланың ғылыми маңыздылығы экологиялық дискурс анықтамасын бірінші рет қолға алынып отырған философиялық, көркемдік және нанымдылық тұрғысынан өзектілендірумен анықталады. Зерттеу әдістемесі жүйелі тәсіл, таңдау, талдау әдісін қарастырады. Зерттеудің нәтижесі экологиялық дискурстың типологиялық сипаттамаларын жүйелеу болып табылады. Қазіргі медиа терминологиясы осы мақаланың ғылыми құндылығын анықтайтын тарихи- гуманитарлық негізді қажет етеді. Практикалық маңыздылығы зерттеу нәтижелерін арнайы және элективті пәндер бойынша журналистика факультеттерінде оқу процесіне енгізу мүмкіндігінде.
Түйін сөздер: экология, экологиялық дискурс, медиа дискурс, экологиялық дискурс, журналистика, экологиялық журналистика, Шыңғыс Айтматов.

