Қазақстандағы мигранттар мен қандастардың әлеуметтік-психологиялық бейімделу медиа дискурсы
DOI:
10.26577/HJ.2021.v62.i4.04Аңдатпа
Мигранттардың әлеуметтік-психологиялық бейімделуі көп деңгейлі коммуникациялардың күрделі кешені болып табылады. Бұл үдерісте маңызды рөлді бұқаралық ақпарат құралдары, әлеуметтік желілер мен мессенджерлер атқарады. Осы тұрғыда зерттеу авторлары мигранттардың коммуникативті құзыреттілік деңгейіне ықпал ету, олардың әлеуметтік бейімделуі және ұлттық қазақстандық дискурсына қосылуы саласындағы БАҚ-тың сындарлы мүмкіндіктеріне назар аударды. Сондай-ақ авторлар Қазақстандағы кандастар тақырыбын ақпараттық қамтамасыз ету үлгілерінің өзіндік типологиясын ұсынды: синхронды (оқиғаға негізделген); асинхронды (кездейсоқ); конвейер (ағынды) және модель-концепциясы болып табылады.
Мақаланың мақсаты – Қазақстандағы кандастардың әлеуметтік-психологиялық бейімделуін ақпараттық қамтамасыз етудің негізгі көрсеткіштерін көрсету, жаңа шындықты қабылдаудың детерминанттарын анықтау, аккультурация күйзелісін жеңу. Зерттеудің негізгі идеясы - қандастардың сұрауларын түсіну үшін ұсынылған алгоритмдер, негізгі үміттермен теріс және оң сәйкессіздіктерді тұжырымдау болып табылады. Қазақстандықтар мен кандастар сауалнамасының әдістемесі бірқатар тұжырымдамалы мәселелерді анықтауға мүмкіндік берді, соның ішінде жергілікті қазақстандықтардың көші-қон және кандастар бойынша құзыреттілігінің орташа деңгейі, кандастардың мемлекеттік бағдарламаларға қанағаттанарлық реакциясы және кейбір нысандарға Қазақстан қоғамындағы коммуникация сенімінің төмен деңгейін көрсетеді.
Зерттеудің негізгі нәтижелері кандастардың сәтті әлеуметтік бейімделуі үшін тұрақсыздандыратын факторлардың тізбесін қалыптастыруға және осы тақырыпты БАҚ-та көрсетудің қажетті тұжырымдамасын анықтауға мүмкіндік берді. Тәжірибелік және құндылық тұрғысынан бұл материалды Қазақстандағы қандастардың көші-қоны және әлеуметтік-психологиялық бейімделуі тақырыбымен ақпараттық жұмыстың тұжырымдамалық үлгісіне экстраполяциялауға болады.
Кілтеме сөздер: кандас, мемлекеттік бағдарламалар, БАҚ, иммигранттар, әлеуметтік-психологиялық бейімделу.

