Медиа-контентті визуализациялау БАҚ тұрақтылығы үшін оқырманның шынайы құрметіне қол жеткізу тәсілі ретінде
DOI:
10.26577/HJ.2022.v63.i1.11Аңдатпа
Визуализация – қазіргі журналистиканың тенденциясы. БАҚ уақыт өткен сайын көбірек мәтіндік және визуалды мазмұнға бірдей назар аудара бастады. Бұл өсу үрдісімен ғана емес, көрерменнің сұранысынан да туындап отыр. Сондықтан да көрнекі (визуалды) мазмұнды мәтінді қабылдаудың ерекшеліктері осы мақалада қарастырылатын өзекті мәселе болып табылады.
Зерттеудің негізгі мақсаты – көрнекі медиа материалды, атап айтқанда, баспасөздегі материалды аудиторияның қабылдау ерекшеліктерін және контентті визуализациялау арқылы БАҚ-тың аудиторияға манипуляциялық әсер ету жолдарын анықтау.
Зерттеу барысында қойылған мақсаттарға жету үшін аудиторияның көрнекі мазмұнды мәтінді қабылдауының сипаттамалық түрлерін және оны аудиторияның таңдауына әсер ететін негізгі факторларды анықтау және теориялық білімді практикалық нәтижелермен салыстыру міндеттері қойылады, сонымен қатар зерттеулер өз шешімін табады.
Мақаланың теориялық негізін көрнекі коммуникация саласындағы ғылыми зерттеулердің нәтижелері құрайды. Тәжірибелік зерттеулер социологиялық сауалнаманы қолдану арқылы жүргізілді, онда аудитория қызығушылықтарының бағыттары анықталды. Зерттеудің теориялық маңыздылығы – көрнекі мазмұнды мәтінді қабылдау ерекшеліктерін анықтау. Тәжірибелік маңыздылығы «Журналистика» мамандығы бойынша жоғары оқу орындарының оқу үдерісінде алынған нәтижелерді мерзімді басылымдар мен интернет-басылымдардың практикалық журналистерінің нақты өмірде қолдануында.
Зерттеу нәтижелері бүгінгі күні көрнекі бөлік – журналистік материалдың ажырамас құрамдас бөліктерінің бірі екенін көрсетті. Әсіресе, баспа басылымдары, олардың электронды нұсқалары және тәуелсіз интернет-басылымдар үшін, оларда тек мәтін арқылы ғана емес, оқиға барысы немесе мәселе туралы айту өте қажет. Визуализация процесі аудитория үшін де, журналистер үшін де маңызды, өйткені көрнекі бөлік мазмұнды түсінуді жеңілдетеді. Дизайнерлер немесе журналистер қолданатын креативті тәсілдердің арқасында, бейне материалды ұсыну жаңа медиа аудиториясын тартады.
Кілт сөздер: БАҚ, визуализация, имидж, мерзімдік басылымдар, интернет, психологиялық әсер, манипуляциялық әсер.

