Коммуникация дискурсындағы ғылыми жарияланымдардың маңыздылығы: Латын Америкасының мысалында.

Авторлар

DOI:

10.26577/HJ.2023.v67.i1.01

Кілт сөздер:

technological surveillance, communication research, scientific production, scientific visibiliy, Latin America.

Аңдатпа

Коммуникация мәселелері бойынша дүниежүзілік ғылыми еңбектердің көлемі жыл сайын қарқынмен өсіп келе жатқанын импакт-факторы жоғары журналдарда осы саладағы ғалымдардың жарияланымының артуынан көруге болады. Алайда, Латын Америкасы сияқты аймақтарда мұндай еңбектер сұранысқа ие емес және әлі күнге дейін ғылыми мекемелер мен ғалымдардың күш-жігерінің қанағаттанарлықтай деңгейінің қалыптаспауынан зиян шегуде. Бұған 2018-2022 жылдар аралығындағы Scimago Journal және Country Rank (SJR) классификациясына сәйкес Scopus дерекқорынан жүргізілген алдын ала зерттеулер, технологиялық қадағалау және стратегиялық барлау, сондай-ақ 2014-2019 жылдар мен 2000-2022 жылдар аралығындағы ғылыми еңбектерді салыстырмалы талдау нәтижелері дәлел  болады.

Жоғары рейтингілі журналдардағы (1, 2, 3 және 4-квартиль) ғылыми жарияланымдардан 2018-2022 жылдар аралығында Латын Америкасы және бүкіләлемде коммуникация саласында зерттеулердің ғана емес, сонымен қатар ғылыми өнімдердің артқанын байқаймыз. Коммуникация саласының әлі де толық қалыптаспауы мен конформациясынан-ақ әлемнің барлық аймақтарының тыныс-тіршілігін білуге болады (Торрико, 2011) және білім саласының конститутивті тарихына, сондай-ақ қазіргі уақытта коммуникациялық зерттеулерге (Видалес, 2015) ғылымның қоғамдық прогресс пен ғылым мен өндірістің әртүрлі саласындағы конструктивті дамуына оң әсер ету мүмкіндігі бар.

Жарияланды

2023-03-17

Журналдың саны

Бөлім

ЖУРНАЛИСТИКА: ҚОҒАМ, ТІЛ, ТАРИХ, САЯСАТ, ЗАҢ, ЭКОНОМИКА