Cандық медианың аудиториясы: мәселелері мен мүмкіндіктері

Авторлар

DOI:

10.26577/HJ.2023.v67.i1.02

Аңдатпа

Медиакоммуникация саласындағы технологиялық жетістіктерді үздіксіз зерттеу, зерделеу заман талабы және ғылыми қажеттілікті тудырып отыр. Өйткені технологиялық мүмкіндіктер күн өткен сайын өзгеріп, жаңа құралдар, жаңа мобильді қосымшылармен толығып отырады. Сондықтан медиа коммуникацияның аудиториясын анықтау маңызды. Мақалада медиасауаттылық мәселелерін анықтауға арналған сауалнама қорытындысы ұсынылды. Сандық медианы қолданушылардың гендрлік және гео аймақтық ерекшеліктері анықталды. Сонымен қатар аудиторияның әлеуметтік жағдайы, желілерді қолдану коэффиценті көрсетілді.

Ғылыми мақаланың мақсаты еліміздегі ірі медиа компаниялардың әлеуметтік желі арналары мен жеке ақпараттық порталдардың қызметін бағалау болды.

Зерттеудің ғылыми және практикалық маңыздылығын анықтауда әлеуметтік желілер мен ақпараттық порталдардағы жаңалықтардың таралуы деңгейіне сараптама жасалды. Фейк жаңалықтардың аудиторияға әсері талқыланды. Әлеуметтік желіде көп қолданылатын форматтар: подкастинг және инфографика, визуалды  материалдарға мониторинг жасалды.

Зерттеудің негізгі мәселелерін анықтауда сауалнама, салыстырмалы контент талдау және мониторинг жасау әдістері қолданылды. Соның нәтижесінде сандық медианың соңғы жылдардағы аудиториясына сараптама жасалды. Ең көп қаралатын YouTube арналардың видеохостинг пайдаланушылары туралы тың мәліметтер берілді. Ашық дерек қорларын қолдану сауаттылығының әлі де дамуды қажет ететіндігі айқындалды.

Нәтижесінде БАҚ аудиториясының дәл қазіргі кезеңде технологиялық мүмкіндіктерді әлі де дамыта алмай отырғандығы анықталды. Тәуелсіз және мемлекеттік медиа арналардың айырмашылығы нақты мысалдармен берілді. Медиакеңістікте сауатты контент қалыптастыру жолдары бағамдалды. Цифрлық медиадағы аудиторияның мәселелерін шешу жолдарын ұсынуда ғылыми еңбектер мен мамандар пікірлері негізге алынды.

Кілтті сөздер: сандық медиа, БАҚ аудиториясы, мультимедиа, аудио, видео контент.

Жарияланды

2023-03-17

Журналдың саны

Бөлім

ЖУРНАЛИСТИКА: ҚОҒАМ, ТІЛ, ТАРИХ, САЯСАТ, ЗАҢ, ЭКОНОМИКА