Әлеуметтік қызметтерді цифрландыру процесіне БАҚ-тың әсері
DOI:
10.26577/HJ.2023.v67.i1.010Аңдатпа
Бұл мақалада әлеуметтік қызметтер саласында, нақтырақ айтқанда электронды үкімет платформасында цифрландыру процесін дамытудағы бұқаралық ақпарат құралдарының рөліне анықтама беріледі. Жұмыста келесі тізімдегі мәселелер көтерілген: "Біз қандай бұқаралық ақпарат құралдарының түрлерін қолдана аламыз және пайдалы ақпарат алу мақсатында оларды қалай қолдануымызға мүмкіндік бар? Тұрғындар электронды үкіметтің арнайы қосымшасын қолдана ма? Ол қандай қосымша және шынымен маңыздылығы бар ма?" Жұмысты жазу барысында әлеуметтік сауалнамалар мен деректерді жинау арқылы осы сұрақтарға жауаптар табылды.
Мақаланың мақсаты – бұқаралық ақпарат құралдарының әлеуметтік қызметтер саласындағы цифрландыру процесінің дамуы мен өзгеруіне әсерін сипаттау. Ал идеялық тақырыбы электронды үкімет платформасындағы қызметтер тізімінен және олардың дәстүрлі форматтан электронды түрге ауысуына байланысты мәселеге келіп тіреледі. Әсіресе, жалпылама топтық жағдайларда электронды үкіметті пайдалануды ілгерілетудегі әлеуметтік желілердің рөлі туралы айтылады. Сондықтан зерттеу нысаны ретінде онлайн платформа ретінде айқындалатын бұқаралық ақпарат құралдарының түрлері және қолданбалар мен желілердің бірнеше түрлері алынатын болады.
Практикалық маңыздылығы адамдардың электронды түрде қызмет көрсетудің дәстүрлі әдісін таңдауының себебін анықтау болып табылады. Ал, ғылыми маңыздылығы цифрландыру саласындағы тақырыптың жаңалығымен көрсетіледі, яғни бұл дегеніміз бұқаралық ақпарат құралдарының және олардың әлеуметтік қызметтердің дамуына тіклей әсері. Бұл ғылыми мақалада сапалық методология түрі, соның ішінде жүйені пайдаланушылар арасында сауалнама өткізу, салыстырмалы талдау және кейстерге негізделген мысалдар қолданылды.
Түйін сөздер: цифрландыру, әлеуметтік қызметтер, БАҚ, электронды үкімет.

