Қазақстандағы қазіргі кезеңдегі бұқаралық ақпарат құралдарының трансформациясы

Авторлар

DOI:

10.26577/HJ.2023.v69.i3.06

Аңдатпа

Бүгінгі 21 ғасырдағы бұқаралық коммуникация – 20 ғасырдағы мұнай мен газ қандай болса. Ол – қоғамдық-саяси, экономикалық және мәдени тетіктер жұмыс істейтін отын. 21 ғасыр келді, ол өзімен бірге заманауи медиа технологияларды, интернетті, флэш-дискілерді, гаджеттерді, ұялы телефондарды, планшеттерді, смартфондарды, әлеуметтік желілер мен блогосфера түріндегі жаңа медианы алып келді.

Зерттеудің мақсаты: Қазақстандағы цифрландыру дәуіріндегі бұқаралық ақпарат құралдарының қазіргі даму кезеңіне талдау жасау, еліміздегі ақпараттық кеңістіктің дамуына әсер еткен, бұқаралық ақпарат құралдарын өзгерткен медиа саласының трансформациясын көрсету олардың құрылымы, қызметі.

Зерттеу әдістемесі: Жаңа медиадағы өзгерістерге, олардың аудиторияға тигізетін әсеріне жан-жақты талдау, электронды және баспа басылымдарындағы мәдениет тақырыбына арналған материалдардың контент-сараптамалары қолданылды.

Зерттеудің нәтижелерін Қазақстандағы ақпараттық кеңістікті дамыту мен түрлендіру мәселелерін одан әрі зерттеу үшін медиа саласында, сондай-ақ журналистер мен БАҚ мамандарын даярлаудағы оқу үдерісінде қолдануға болады. Интернет, ұялы байланыс, кабельдік және спутниктік телевидение, цифрлық хабар тарату дамуындағы заманауи жетістіктер әлемдік коммуникацияның даму бағытын, елдер мен аймақтардың ақпараттық ландшафтын өзгертуде.

Практикалық маңызы. Зерттеуді болашақ журналистерді мамандандырылған және элективті пәндерге материал ретінде дайындауда пайдалануға болады. Жұмыс медианы одан әрі зерттеу үшін теориялық және практикалық негіз бола алады.

Түйін сөздер: трансформация, жаңа медиа, ақпараттық технологиялар, коммуникациялар, Қазақстан.

Жарияланды

2023-09-25