Копирайтер мен рерайтер қызметінің ерекшелігі және копирайтинг биржаларына әсері

Авторлар

DOI:

10.26577/HJ20257844

Кілт сөздер:

copywriting, rewriting, media, content exchanges, PR.

Аңдатпа

Мақалада копирайтер мен рерайтердің кәсіби қызметінің ерекшеліктері, олардың мәтін өндіру үдерісіндегі рөлі және заманауи копирайтинг биржаларының қызметі жан-жақты қарастырылады. Зерттеудің мақсаты – копирайтинг пен рерайтингтің теориялық және практикалық айырмашылықтарын айқындау, сондай-ақ цифрлық контент нарығындағы олардың маңызын талдау болып табылады. Мақалада ақпараттық, имидждік, жарнамалық, SEO-копирайтинг, SMM-копирайтинг және рерайтинг сияқты копирайтинг түрлері бойынша жұмыс істелетін биржалардың ерекшеліктері сипатталады. Авторлар контент биржаларының жұмыс істеу тетіктерін, олардың артықшылықтары мен шектеулерін талдай отырып, Қазақстандағы цифрлық контент нарығының даму үрдістеріне назар аударады. Зерттеу әдістері ретінде ғылыми әдебиеттерді талдау, контент платформаларын салыстырмалы зерттеу және сауалнама нәтижелері қолданылған. Зерттеу қорытындылары қазақ тіліндегі сапалы контентке деген сұраныстың артып келе жатқанын және ұлттық копирайтинг инфрақұрылымын дамыту қажеттілігін көрсетеді. Мақала нәтижелері медиа, PR және цифрлық коммуникация саласындағы мамандар үшін практикалық маңызға ие.

Автор өмірбаяндары

  • Г.С. Амангелдиева, L. N. Gumilyov Eurasian National University, Astana, Kazakhstan

    Амангелдиева Гулмира Сабыровна (корреспондент автор) – PhD докторы, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің телерадио және қоғаммен байланыс кафедрасының аға оқытушысы (Астана қ., Қазақстан, эл. почта: gulmirasabyr8@gmail.com);

  • M. Топлу, L.N. Gumilyov Eurasian National University, Kazakhstan, Astana

    Мехмет Топлу – профессор, Ankara Hacı Bayram Veli Üniversitesi (Ankara, Turkiya, mtoplu09@gmail.com);

  • Н.М. Абикеева, Karaganda University named after academician E.A.Buketov, Karaganda, Kazakhstan

    Әбікеева Назерке Мадияровна – әлеуметтік ғылымдар магистрі, академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті, журналистика кафедрасының оқытушысы, (Қарағанды, Қазақстан, e-mail: Botawkan@mail.ru).

Жарияланды

2025-12-19

Журналдың саны

Бөлім

ЖУРНАЛИСТИКА: ҚОҒАМ, ТІЛ, ТАРИХ, САЯСАТ, ЗАҢ, ЭКОНОМИКА