Жасанды интеллект дамуы жағдайында медиасауаттылық және журналистиканың халықаралық стандарттары

Авторлар

DOI:

10.26577/HJ20257848

Кілт сөздер:

media literacy, digital literacy, information literacy, international standards of journalism, deepfakes.

Аңдатпа

Бұл мақала медиасауаттылық пен журналистиканың халықаралық стандарттарын жасанды интеллект дәуірінде зерттеуге арналған. Қазіргі таңда жасанды интеллект технологияларының қарқынды енгізілу жағдайында медиасауаттылық журналистиканың сапасын сақтау және азаматтарды қоғамдық пікірді әртүрлі манипуляциялардан қорғау үшін маңызды мәнге ие болуда. Дәлдік, фактчекинг және ақпарат көздерінің ашықтығы қағидаттарына негізделген халықаралық журналистика стандарттары цифрлық ортада жұмыс істейтін редакциялар үшін басты бағдар болады. Соңғы уақытта аса өзекті сын-қатерлердің бірі – әртүрлі фейктер мен дипфейктердің таралуы. Олар шындықты бұрмалап, медиаға деген сенімді әлсірететін синтетикалық аудио және бейнематериалдар болып табылады. Бұл мақалада авторлар жасанды интеллект дәуіріндегі медиасауаттылық мәселелерін ғана емес, сондай-ақ әлем елдеріндегі дипфейктерді қылмыстандыру проблемасын да қарастырады. Біздің ойымызша, дипфейктерді жасау мен таратуды қылмыстық жауапкершілікке тартуды қоса алғанда, нормативтік реттеуді күшейту – оларды дезинформациялық науқандарда және қылмыстық мақсатта пайдаланудың алдын алу үшін қажетті шара болып саналады. Жалпы алғанда, бұл факторлар жаңа технологиялық шындық жағдайында медиасауаттылықты арттырудың және халықаралық журналистика стандарттарын сақтаудың жүйелі тәсілін енгізу қажеттілігін айқындайды.

Жұмыстың мақсаты – жасанды интеллекттің дамуы жағдайында медиасауаттылық пен халықаралық журналистика стандарттарын қолдану мәселелерін зерттеу.

Зерттеу әдіснамасы талдау, синтез, салыстырмалы және жүйелі әдістерді, сондай-ақ құзыреттілік тәсілді пайдалана отырып кешенді және пәнаралық тұрғыда негізделген. Бұл медиасауаттылық пен халықаралық журналистика стандарттарын жасанды интеллектті енгізу жағдайында өзара байланысты элементтер ретінде қарастыруға мүмкіндік берді.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы жасанды интеллект технологияларының ықпалы жағдайында медиасауаттылық пен халықаралық журналистика стандарттарына кешенді талдаудан тұрады. Авторлар медиасауаттылықтың заманауи цифрлық қатерлерге, соның ішінде фейктер мен дипфейктерді жасау мен таратуға қарсы тұру құралы ретіндегі рөлін жан-жақты қарастырды. Ерекше назар олардың құқықтық бағасына және қылмыстандыру мәселелеріне аударылды, бұл ақпараттық кеңістікті қорғаудың нормативтік тетіктерінің қажеттілігін негіздеуге мүмкіндік берді.

Автор өмірбаяндары

  • М.С. Есимова, Ablai Khan Kazakh University of International Relations and World Languages, Almaty, Kazakhstan

    Есімова Мәншүк Сыйлыққызы (корреспондент авторы) – магистр, Абылай хан атындағы қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің халықаралық коммуникациялар кафедрасының аға оқытушысы (Қазақстан, Алматы қ., email: yemanshuk@mail.ru);

  • Л.С. Ахметова, Al-Farabi Kazakh National University, Kazakhstan, Almaty

    Ахметова Ләйлә Сейсембекқызы   – тарих ғылымдарының докторы, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ЮНЕСКО журналистика және коммуникация кафедрасының профессоры. (Қазақстан, Алматы қ., email: laila_akhmetova@mail.ru);

  • Т.В. Шевякова, Ablai Khan Kazakh University of International Relations and World Languages, Almaty, Kazakhstan

    Шевякова Татьяна Васильевнафилология ғылымдарының докторы, Абылай хан атындағы қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің халықаралық коммуникациялар кафедрасының профессоры (Казахстан, Алматы қ., email: david-sec@mail.ru@mail.ru);

  • А.Н. Жабаева, Ablai Khan Kazakh University of International Relations and World Languages, Almaty, Kazakhstan

    Жабаева Айгерім Нұршайхықызы- Абылай хан атындағы қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің халықаралық коммуникациялар кафедрасының аға оқытушысы (Қазақстан, Алматы қ., email: aigerim_miregia@mail.ru).

Жарияланды

2025-12-19