ЖИ дәуіріндегі медиамәтіндердегі авторлық және сенім

Авторлар

  • Б.А. Ахатова Казахский университет международных отношений и мировых языков им. Абылай хана, Алматы, Казахстан

DOI:

10.26577/HJ80220267

Кілт сөздер:

искусственный интеллект, медиатекст, доверие, авторство, журналистика, цифровые коммуникации.

Аңдатпа

Цифрландыру жағдайында медиасредада авторлық институтына деген көзқарас өзгеруде. Адам мен жасанды интеллект (ЖИ) арқылы мәтін жасау мүмкіндіктерінің кеңеюі аудитория та-рапынан сенім дағдарысын туындатады. Зерттеуде осындай материалдарға деген сенімді қа-лыптастыратын факторлар қарастырылады және ЖИ дәуірінде аудиторияның медиаконтенттің сенімділігін қалай бағалайтыны талданады.

Зерттеудің мақсаты – медиамәтіндердегі авторлықтың рөлін және сенімнің негізгі крите-рийлерін анықтау, сондай-ақ қазіргі аудиторияның мұндай мәтіндерді қабылдау ерекшеліктерін талдау.

Зерттеудің эмпирикалық бөлігінде сандық және сапалық әдістер қолданылды. Лайкерт шка-ласына негізделген онлайн-сауалнама анонимді түрде жүргізілді. Респонденттерге авторы мен жарияланған платформасы көрсетілмеген екі мәтінді бағалау ұсынылды. Сапалық кезеңде ака-демиялық орта өкілдерімен (магистранттар мен докторанттар) және медиа мен PR саласының практик-мамандарымен тереңдетілген сұхбаттар жүргізілді.

Нәтижелер аудиторияның адам жасаған және ЖИ көмегімен жасалған мәтіндерді әрдайым сенімді түрде ажырата бермейтінін көрсетті. Сенім мәтіннің айқындығы мен табиғилығына, сон-дай-ақ дереккөздің ашықтығына және автордың мазмұн үшін жауапкершілігіне байланысты қа-лыптасады. Жасанды интеллект контент жасау барысында көмекші ретінде қабылдануда, алайда әлеуметтік маңызы бар тақырыптарда автордың рөлі мен кәсіби жауапкершілігі сақталады.

Аудиторияның ЖИ-контентке деген көзқарасы біртіндеп өзгеруде – сақтықтан неғұрлым теңгерімді және талғамды бағалауға қарай.

Автор өмірбаяны

  • Б.А. Ахатова, Казахский университет международных отношений и мировых языков им. Абылай хана, Алматы, Казахстан

    Ахатова Бағилә Әбілмәжінқызы – филология ғылымдарының докторы, Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің халықаралық коммуникациялар кафедрасының профессоры (Алматы, Қазақстан, e-mail: kazcainfo@gmail.com).

Жүктеулер

Жарияланды

2026-06-20