Ясауи мұрасының туристік имиджін қалыптастырудағы медиа репрезентация: отандық және халықаралық тәжірибе

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/9fgwb586

Кілт сөздер:

туристік имидж, медиа репрезентация, Ясауи мұрасы, рухани туризм, цифрлық медиа, мәдени мұра.

Аңдатпа

Бұл мақалада Қожа Ахмет Ясауи мұрасының туристік имиджін қалыптастырудағы медиа репрезентация процесі отандық және халықаралық ақпараттық кеңістік контексінде жан-жақты қарастырылады. Зерттеудің негізгі мақсаты - Ясауи мұрасының түрлі медиа платфоромалардағы бейнелену ерекшеліктерін талдау арқылы имиджін қалыптастырудың негізгі тетіктерін анықтау.

Зерттеудің теориялық және әдіснамалық негізін туристік имидж теориясы, медиа репрезентация тұжырымдамалары және мәдени мұраны медиаландыру бағыттары құрайды. Зерттеуде контентті талдау, салыстырмалы талдау және кейс-стади әдістері қолданылады. Эмпирикалық дереккөздер ретінде отандық туристік медиа ресурстары («Kazakh Tourism» Ұлттық компаниясы, «Әзірет Сұлтан» Ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығының цифрлық платформалары және «Visit Turkestan» жобалары), сондай-ақ халықаралық медиа кеңістігіндегі материалдар («UNESCO World Heritage Centre», «TRT Avaz» бағдарламалары және мәдени платформалар) қарастырылды.

Зерттеу нәтижелері Ясауи мұрасының туристік имиджі медиалық нарративтер арқылы жүйелі түрде қалыптасатынын көрсетеді. Мақалада жүргізілген талдау Ясауи мұрасының туристік имиджі тек ақпараттық деңгейде ғана емес, сонымен қатар символикалық және мәдени деңгейлерде де қалыптасатынын көрсетеді. Бұл зерттеудің нәтижелері мәдени мұраны цифрлық медиада репрезентациядлау, туристік имидж қалыптастыру және рухани туризм коммуникациясы салаларында теориялық және қолданбалы маңызға ие.

Автор өмірбаяндары

  • А.Т. Бельдибекова, Ясауитану ғылыми орталығы, «Әзірет Сұлтан» Ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығы, Түркістан, Қазақстан

    Бельдибекова А.Т. (корреспондент-автор) – филология ғылымдарының кандидаты, доцент, «Әзірет Сұлтан» Ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығы Ясауитану ғылыми орталығының ғылыми қызметкері (Түркістан, Казахстан, e-mail: aliyabeldibekova@gmail.com);

  • О.М. Әбдіхалық, Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, Алматы, Қазақстан

    Әбдіхалық О.М. – әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті журналистика факультеті PhD-докторанты (Алматы, Қазақстан, эл.поштасы: oljas9906@gmail.com);

  • С.Е. Байсеит, Ясауитану ғылыми орталығы, «Әзірет Сұлтан» Ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығы, Түркістан, Қазақстан

    Байсеит С.Е – дінтану магистрі, «Әзірет Сұлтан» Ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығы Ясауитану ғылыми орталығының ғылыми қызметкері. (Түркістан, Казахстан, e-mail: baiseit.s@gmail.com).

Жарияланды

2026-09-18