ҚазҰУ Хабаршысы. Журналистика сериясы (Herald of Journalism) журналы 1997 жылы ашылды. Журналдың құрылтайшысы әрі шығарушысы – әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті.
ҚазҰУ хабаршысы. Журналистика сериясы – журналистика мен медиа-коммуникациялар саласындағы іргелі және қолданбалы зерттеулерді жариялауға бағытталған рецензияланатын, ашық қолжетімді, ғылыми журнал.
Журнал ғалымдарға, оқытушыларға және практиктерге арналған халықаралық академиялық платформа ретінде қызмет етеді, Қазақстандағы және шетелдегі БАҚ-тың дамуындағы ең өзекті әрі болашақтағы бағыты мен мәселесіне назар аудара отырып, медиадағы ғылымды дамытуға, зерттеу нәтижелерін жариялауға және ғылыми ақпарат алмасуға мүмкіндік береді. Журнал жылына төрт рет шығады.
ҚазҰУ Хабаршысы. Журналистика сериясы – журналистика мен бұқаралық коммуникациялардағы іргелі теориялық тәсілдерді, тұжырымдамалық модельдер және зерттеу әдістерін ғылыми тұрғыдан дамытуға бағытталған түпнұсқа зерттеу мақалалар мен шолуларын жариялайтын журнал. Журнал ғылыми сараптаманың жоғары стандарттарын, қатаң редакциялық саясатты және білімге ашық қолжетімділік қағидаттарын ұстанады, академиялық адалдықты, ашықтықты және жарияланған зерттеулердің кеңінен қолжетімділігін қамтамасыз етеді.
Бастапқы қарау уақыты: шамамен 4 апта
Рецензиялау саясаты: екі жақты жасырын рецензиялау
Орташа рецензиялау уақыты: 8–14 апта
Мақалаларды қабылдау деңгейі: 45%
Индекстеу және сараптамадан өтуі
EBSCO
Crossref
Academic Resource Index (ResearchBib)
ROAD
WorldCat
МҒТСҰО (НЦГНТЭ)
Журнал тақырыптары
Журнал медиа саласы дамуының әлемдік үрдістері, ақпаратты жеткізудің инновациялық тәсілдері, онлайн-құралдарға шолу және жаңа медиа-құзыреттер туралы материалдарды келесі тақырыптық бағыттар бойынша жариялайды:
- Бұқаралық коммуникация мәселелері, баспасөз тарихы, баспасөз және электронды журналистика;
- Отандық және халықаралық баспа ісінің тарихы мен тәжірибесі;
- Қоғаммен байланыстың қазіргі жағдайы, тарихы және әдіснамасы;
- БАҚ дизайны мен редакциялық менеджменттің әлемдік және отандық тәжірибесі;
- Халықаралық журналистика теориясы мен тәжірибесін, әлемдік медиа кеңістіктің жаһандық және локалдық сегменттерін зерттеу;
- Отандық және шетелдік публицистика, медиа құқық мәселелері, медиа сауаттылық, азаматтық журналистика және әлеуметтік медиа.
Неліктен журналда мақала жариялау керек?
Халықаралық редакциялық кеңес – әртүрлі ғылыми әдістерді қолдана отырып, жоғары сапалы рецензиялау процесі жетекші отандық және шетелдік мамандардың қатысуымен жүзеге асады.
Қатаң рецензиялау – екі жақты жасырын рецензиялау әдісі арқылы әрбір қолжазба бойынша кемінде екі тәуелсіз сарапшының пікірі мен бағасы алынады.
Ашық қолжетімділік – ғылыми білімінің еркін таралуын қамтамасыз ететіндіктен, жарияланымдар үшін төлемсіз платина моделін қамтитын ашық қолжетімділік қамтылған.
Цифрлық мұрағаттау – барлық жарияланған материалдар ұзақ мерзімге сенімді цифрлық репозиторийлерде сақталады.
Ғылыми бағыты – журналистика мен медиа-коммуникациялар саласындағы теориялық және қолданбалы зерттеулерді дамытуға бағытталғандықтан, басқа гуманитарлық басылымдардан ерекшелендіреді.
