Конвергенттік журналистерді дайындау ерекшеліктері
Кілт сөздер:
конвергенция, бұқаралық коммуникация, мульти- медиялық орта, ақпараттық инфрақұрылым, жаңа медиа.Аңдатпа
Қазіргі кезде компьютерлік, хабар тарату және телекоммуника- циялық технологиялардың өзара бірігуі байқалуда. Бұл өзара бірігу үдерісі коммуникациялық ортаға өзгеріс әкелді. Яғни интеграция ақ- параттық индустрияның дәстүрлі ақпарат құралдары мен жаңа ме- дианың арасындағы шекараны жойып, кеңінен дамуда. Коммуника- циялық технологиялардың, ақпарат құралдарының, өндірістік және кәсіби технологиялардың «конвергенциялану» үрдісі жүруде.

