Сөйлеу тілі мәтіндеріндегі фразеологиялық тұлғалардың прагматикасы

Авторлар

  • Абдрахманова Ж. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті image/svg+xml
  • Ермағанбетова Л.

Кілт сөздер:

прагматика, окказионализм, фразеологизм, комму- никативті, прагмосемантика, мәтін, семантика.

Аңдатпа

Бұл мақалада сөйлеу тілі прагмосемантикасындағы фразеоло- гизмдерді окказионалды өзектілеудің прагматикалық тәсілі туралы айтылады. Қазіргі кезде прагматикалық тәсілге көп көңіл  бөлініп  жүр, себебі оның шығармашылық және ғылыми қыры басым. Бұл тә- сіл зерттеушіге көркем мәтінді оның оқырманға қалай әсер ететін-  дігі жағынан, сонымен бірге осы мәтіннің семантикалық және құры- лымдық-компоненттік байланысуы тұрғысынан талдау жасауына көп мүмкіндік береді.

Фразеологиялық тұлғаларды қолданудағы негізгі мақсат – кон- текстегі басты ойды анағұрлым ажарлы, көрікті етіп сипаттау; мағы- насын жан-жақты толық ашу; іс-әрекеттің өту үдерісін нақтылау; суб- ъектіге мінездеме беру.

Жүктеулер

Жарияланды

2020-06-15

Журналдың саны

Бөлім

ЖУРНАЛИСТИКА: ҚОҒАМ, ТІЛ, ТАРИХ, САЯСАТ, ЗАҢ, ЭКОНОМИКА