Қазақстандағы қоғаммен байланыстың әрекет ету мәселелері
Кілт сөздер:
қоғаммен байланыс, Қазақстан, жарнама, марке- тинг.Аңдатпа
Қазақстандағы қоғаммен байланыстың әрекет ету мәселелері. Қазақстандағы қоғаммен байланыс феномені азаматтық қоғамның пайда болуы және биліктің қоғаммен сұхбат құруға ұмтылысы ар- қасында құбылыс бола алды. 1990-шы жылдардағы Қазақстан қо- ғамының әлеуметтік-экономикалық трансформациясы PR-дың жаңа байланыс жүйесі ретіндегі қалыптасу үдерісін бірлесе құраған себеп- тер мен салдарлардың күрделі тоғысын қамтиды. Қазақстанда соңғы кезеңде орын ала бастаған осы үдеріске талдау жасау қызықты да көкейтесті болып табылады. PR–дың Қазақстанда кәсіптік қолдан- балы және ғылыми қызмет саласы ретінде пайда болуы әлеуметтік қатынастардың, азаматтық қоғам институттарының және нарықтық экономиканың әлеуметтік-экономикалық тетіктерінің дамуындағы обьективтік факторлармен тығыз байланысты.
