Филологиялық білім сапасы: болашаққа жаңа бағдар

Авторлар

  • Салқынбай А.Б. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті image/svg+xml
  • Иманқұлова С.М.

Кілт сөздер:

сөз, бағалау концепті, лебіздегі мән, мағына, қазір­ гі оқыту жүйесі.

Аңдатпа

Мақалада сөз қадірі, сөз киесі, аталы сөз айту – көп сөйлемей, дөп сөйлеу; сөздің байыбын танып, байламды жеткізудегі шеберлік пен шешендіктің синкреттілігі, яғни, сөзді бағалау концептісі талда­ нады. Сөз мен ойдың жұбы жазылмай, бірінен­бірі туындап, бірімен­ бірі жымдасып жатқаны мысалдармен дәйектеледі.

Бүгінгі қазақ тіл білімі тілдік бірліктердің фонетикалық, лексико­ логиялық және грамматикалық құрылымын синхрониялы және диах­ рониялы негізде жүйеледі. Ендігі бағдар Сөздің лебіздегі мағынасы мен мәнін зерделеу. Ғылыми білімінің дамуы тіл ғылымының жағ­ дайымен, дамуымен тығыз байланысты, өйткені ғылыми білім Сөзбен жеткізіледі, айтылады, дәлелденеді. Тіл – әлемді танудың белгілі бір дәрежедегі көрінісі ғана емес, оның құралы да.

Осы ретте бүгінгі оқыту жүйесіне – тілдік тұлғаларды бөліп, жік­ теп оқытудан гөрі, лебіздегі тілдік тұлғалардың мағынасын, мәнін, танымдық ерекшелігін, ұлттық таным мен ұлттық болмыс қалыптас­ тырған ішкі уәжін терең таныстырудың, оқытудың маңызы ерекше болғандықтан, оқытудың жаңа жүйесіне сәйкес жаңа негізгі курстар мен элективті курстар қалыптастыру – бүгінгі күннің өзекті ғылыми­ әдістемелік мәселесінің бірі екендігі нақтыланады.

Жүктеулер

Жарияланды

2020-06-19

Журналдың саны

Бөлім

БAСПA ІСІ ЖӘНЕ ДИЗAЙН