Мәдениетаралық коммуникация – түрлі мәдениет иелерінің арасындығы тілдік қатынас құралы
Кілт сөздер:
антропоцентристік парадигма, мәдениетаралық коммуникация, тіларалық, тілдік бірліктер, прагматикалық мағына, лексикалық бірліктер.Аңдатпа
Мақалада қазіргі кездегі антропоцентристік парадигма аясында қарастырылып жүрген мәдениетаралық коммуникация мәселесі ту ралы баяндалады. Автор мәдениетаралық коммуникация терминінің шығу төркіні мен оның бүгінгі таңдағы маңыздылығы мен зерттеу аясы туралы өзге ғалымдардың пікіріне сүйене отырып түсіндіреді. Мақала мазмұнында мәдениетаралық коммуникацияның түрлеріне тоқталған автор мәдениетаралық коммуникацияға тіларалық және мәдениетаралық ауыстүйістер негіз болатынын және олардың екі мәдениеттегі сәйкес көріністері тілдік бірліктердің прагматикалық мағынасынан туындайтынын атап өтеді. Кез келген тілде эмоционал ды бояуы қанық, стилистикалық сипаты ерекше лексикалық бірлік тер болатыны белгілі. Мақала авторы олардың прагматикалық жағы нан анағұрлым маркерленген болатындығын және ұлттық бояудың, ұлттық белгілердің (мінезқұлықтық, салтдәстүр т.б.) неғұрлым анық берілуіне ықпал ететіндігіне тоқтала отырып, мұндай құбылыс, әсіре се, ауызекі сөйлеу стилінде айқын байқалатыны туралы баяндайды.
