Жасанды интеллект негізінде жасалған медиа контенттегі «алаш» зиялыларының репрезентациясы

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/7f0egh89

Кілт сөздер:

генеративті жасанды интеллект, медиаконтент, Алаш зиялылары, цифрлық медиа, медиарепрезентация.

Аңдатпа

 

Бұл мақалада әлеуметтік желілердегі жасанды интеллект көмегімен жасалған тарихи тұлғалардың медиадағы репрезентациясы зерттелді. Зерттеудің мақсаты – TikTok, YouTube және Instagram платформаларында жарияланған Алаш қозғалысы қайраткерлерінің ЖИ арқылы жасалған бейнелерінің тарихи дәлдігін, визуалдық сәйкестігін, дыбыстық репрезентациясын және медиалық фреймін талдау.

Гипотеза: ЖИ негізіндегі синтетикалық медиа тарихи білімді тиімді түрде танымал ете алады, бірақ фактілерді бұрмалау және тарихи контексті тым жеңілдету қаупін тудырады.

Әдістеме: Талдауға әлеуметтік желілерден іріктелген 10 видео енгізілді. Назар олардың танымалдығына емес, тарихи тұлғалардың қаншалықты дәл ұсынылғанына аударылды. Мәтіннің дерекке сәйкестігі, визуалдық бейне, дауыс ерекшеліктері және нарративтік шешімдер сапалық контент–анализ арқылы бағаланды.

Нәтижелердің жаңалығы: Тарихи тұлғалар ЖИ көмегімен жасалған контент арқылы кең аудиторияға тез жетіп отыр. Бірақ мұндай видеоларда дерек дәлдігі сақталмайтын, контекст қысқаратын жағдайлар жиі кездеседі. Бұл синтетикалық медианың тарихи білімді таратудағы мүмкіндігімен қатар, шектеулерін де көрсетеді.

Зерттеу 10 видеоға сүйене отырып, тарихи контентті таратуда ЖИ бір жағынан аудиторияны кеңейтетінін, екінші жағынан мағынаны өзгертіп жіберетін тұстар бар екенін көрсетеді. Кей материалда авторы мен дереккөз нақты берілсе, кейбірінде тарихи контекст қысқарып немесе визуалға бейімделіп кетеді, соның салдарынан атрибуция мен интерпретация бір жүйеде тұрақсыз жүріп, ЖИ тарихи білімді жеткізудегі нақты шекарасы әлі толық анық емес күйінде қалады.

Автор өмірбаяндары

  • А. Алимжанова, SDU University, Қаскелең, Қазақстан

    Алимжанова Айкерим (корреспондент-автор) – PhD, SDU университетінің қауымдастырылған профессоры (Қаскелең, Қазақстан, e-mail: aikerim.alimzhan@gmail.com);

  • Б. Сұлтан, SDU University, Қаскелең, Қазақстан

    Сұлтан Бағдат – SDU университеті,  «Медиа зерттеулері және журналистика» білім беру бағдарламасының магистранты (Қаскелең, Қазақстан, e-mail: bagdatsultanova06@gmail.com).

Жарияланды

2026-09-18

Журналдың саны

Бөлім

ЖУРНАЛИСТИКА: ҚОҒАМ, ТІЛ, ТАРИХ, САЯСАТ, ЗАҢ, ЭКОНОМИКА