Тоныкөк жазба ескерткішінің құндылығы

Авторлар

  • Т. Еңсегенұлы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы қ.

Кілт сөздер:

Түйін сөздер, Түркі қағандығы, Дана Тоныкөк, философиялық толғау. Көркем шежіре.

Аңдатпа

Бұл мақалада Түркі қағандығын – түркі империясын орнатудағы ұлы жорықтарда қаған кеңесшісі болған Дана Тоныкөктің Елтеріс-Құтлығ ханмен бірлесіп жасаған жорықтары, оның қысылшаң сәтте қағанға ақыл-кеңес берумен бірге, жауға қарсы әскерді бастап, же­ ңіске жеткені баяндалады. Тоныкөк жазба ескерткішін дана кеңесші­ нің өзі жазғаны тастағы мәтіннен айқын білінеді. Қытайша білім алған Тоныкөк бұл дастанды терең ойлылықпен, поэзияға тән көркемдікті сақтай отырып, философиялық толғау тү­ рінде жасаған. Тоныкөктің Дао даналығынан нәр алғаны осы жазба ескерткіштен анық танылады. Бұл жазба ескерткішті тарихи тақы­ рыпқа құрылған поэзиялық мұра деуге толық болады. Оған осы шы­ ғарманың негізгі өзегі етіп түркі қағандығын орнатудағы қаған Елте­ ріс-Құтлығ пен дана Тоныкөктің атқарған істерін баян еткені дәлел бола алады.

Жүктеулер

Жарияланды

2016-04-01

Журналдың саны

Бөлім

Связь с общественностью и PR