Спичрайтинг PR-технология ретінде: теориялар мен тұжырымдамалар
Кілт сөздер:
спичрайтинг, іскерлік риторика, нарық, қоғаммен байланыс, мекеме имиджі, имиджді басқару, шешендік өнер., Түйін сөздер, спичрайтинг, іскерлік риторика, нарық, қоғаммен байланыс, мекеме имиджі, имиджді басқару, шешендік өнер.Аңдатпа
Мақалада PR технология ретіндегі спичрайтингтің ерекшелікте рі, оның іскерлік риторикадан, референттік қызметтен айырмашалы ғы сөз болады. Қазіргі ақпараттық қоғам мен нарық жағдайындағы спичрайтингтің өзіндік рөлі айқындалып, спичрайтингке байланысты теориялар мен тұжырымдамалар ұсынылады. Қазақстандық тәжіри беде бұл саланың зерттелмеуіне негіз болған басты себептер көрсеті ліп, оның таяу болашағына болжам жасалады. Автор белгілі ғалымдар еңбектерінен негізгі теорияларды cараптап, өздігінше тұжырымдауға талпынған. «Спичрайтинг», «спичрайтерлік» және «спичрайтер» ұғым дарының негізгі ерекшеліктері зерттелген. Тіл білімі, риторика мен PR тұрғысынан спичрайтингті қарастыра отырып, түрлі ғылым сала ларының қызығушылығын тудыру себептерін анықтауға тырысқан. Спичрайтинг саласы отандық PR саласында өте аз зерттелген.
