«Egemen Qazaqstan» және «The New York Times» газетіндегі климат өзгеруі тақырыбының қамтылуы бойынша сандық контент-талдау

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/HJ20257846
        54 12

Кілттік сөздер:

климат журналистикасы; контент талдау; Қазақстан; «Egemen Qazaqstan»; «The New York Times».

Аннотация

Қазақстанда орташа ауа температурасы +2,9 °C-қа жоғарылады. Ал Орталық Азия әлемдік көрсеткіштен де жылдам ысып жатыр. Мұндай жағдайда климат өзгерісі туралы түсіндірмелі әрі айқын журналистика қоғамдық түсінік қалыптастыру және жаңа саясатты жобалау үшін маңызды. Сондықтан бұл зерттеу мақаласы 2015–2025 жылдар аралығында «Egemen Qazaqstan» мен «The New York Times» газетінде климат тақырыбының қаншалықты жиі көтерілгенін және бұл жиіліктің жылдар бойынша қалай өзгергенін талдайды. Зерттеудің ғылыми құндылығы — Қазақстан бойынша осы салада алғаш рет тұрақты, ұзақ мерзімді сандық база ұсынуы. Практикалық маңызы — коммуникацияны жоспарлауда редакторлар мен саясаткерлер пайдалана алатын салыстырмалы көрсеткіштерді ұсынуы.

Зерттеу әдістемесінде деректер  қазақ және ағылшын тілінде климатқа қатысты кеңейтілген кілт сөздер бойынша Python бағдарлама жүйесінде жиналып, жылдар бойынша топтастырылды. Сондай-ақ әр жылдық көрсеткіштерге  сипаттамалық әрі сандық салыстыру жүргізілді. Бұл дизайн ұзақмерзімді динамиканы бақылауға мүмкіндік береді.

Негізгі нәтижелер жарияланым саны бойынша айқын алшақтықты және ортақ өсу үрдісін де көрсетеді. Онжылдық ішінде «Egemen Qazaqstan» климатқа қатысты 1 843 материал, ал «The New York Times» 63 408 материал жариялаған. Екі басылымда да назар артқан. Қазақстандық газетте оқиғалық сипатта аз-аздан, кейінгі жылы бірден мақала саны артса (2024 жылы шарықтау), ал АҚШ басылымы жоғары әрі тұрақты базалық деңгейді сақтаған. Бұл ақпараттық себептен туған мақала ғана емес, орныққан редакциялық рәсім екенін аңғартады.

Зерттеудің құндылығы – қазақтілді журналистика үшін онжылдыққа арналған климаттық сандық базаны ұсынуы; болашақта фрейм, дереккөз бен тақырып бойынша кодтау әдісімен ары қарай жалғастыруы. Практикалық тұрғыда редакциялар тұрақты «климат/экология» айдарын жоспарлап, ғалымдар, синоптиктер және уәкілетті органдармен байланыс арнасын күшейтіп, жергілікті мысалдарға сүйенген түсіндірмелі әрі шешімге бағытталған материалдарды көбейте алады.

Авторлардың биографиясы

M.A. Әбдіқаппар, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы қ.

Әбдіқаппар Меруерт Әбдінасырқызы  (корреспондент автор) –   Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ журналистика факультеті ЮНЕСКО-ның журналистика және коммуникация кафедрасының докторанты (Алматы, Қазақстан, эл.почта: abdikappar.m@gmail.com);

З. Сарабиа-Панол, Мидл Теннесси мемлекеттік университеті, Мөрфрисборо, АҚШ

Сарабиа-Панол Зени – PhD, Мидл Теннесси мемлекеттік университетінің журналистика және стратегиялық медиа мектебінің профессоры, декан орынбасары (Мөрфрисборо, АҚШ, e-mail: Zeny.Panol@mtsu.edu).

Жүктелулер

Как цитировать

Әбдіқаппар M. ., & Сарабиа-Панол Z. (2025). «Egemen Qazaqstan» және «The New York Times» газетіндегі климат өзгеруі тақырыбының қамтылуы бойынша сандық контент-талдау. Журналистика сериясы, 78(4), 63–74. https://doi.org/10.26577/HJ20257846

Шығарылым

Бөлім

Журналистика: Қоғам. Тарих. Саясат. Заң. Экономика.