Қазіргі қазақ әскери журналистикасының даму тенденциялары
DOI:
https://doi.org/10.26577/HJ.2022.v64.i2.06Аннотация
Зерттеу жұмысының өзектілігі. Журналистика әлемдік кеңістіктегі өз принциптері мен функцияларын өзгерте отырып, жаһандық мәселелерді шешудегі негізгі компонент болып қалыптасуда. Қоғам моральдық бағдарларды топтастыру үшін түрлі этностар, мәдениеттер, саяси күштер, діндер өкілдері арасындағы массмедиа да неғұрлым сындарлы және қарқынды диалогты қажет етеді. Осының негізінде әлемдік іс-әрекеттерде барынша келісімге, азаматтық қоғам институттары мен билік құрылымдары арасындағы өзара түсіністікке қол жеткізуге болады.
Зерттеу тақырыбы. Мақала отандық әскери журналистиканың тарихы, функциясы, тенденциялары мен кәсіби стандартына негізделген. Әскери журналистиканың БАҚ жүйесіндегі орны сөз болғанда, әлемдік саяси үдерістердің түсініспеушілік тұстары қамтылады.
Зерттеу жұмысының мақсаты – БАҚ пен әскери қатынастардың қазіргі жағдайын көрсету. Әлем тарихы – түрлі деңгейдегі соғыстар мен қақтығыстардың хронологиясынан құралады. Әскери-бұқаралық ақпарат құралдары арасындағы қарым-қатынаста сарбаздардың операцияның құпиялылығына мән беруі және бұқаралық ақпарат құралдарының ақпарат бостандығын талап етуі табиғи қақтығыс тудырады. Сондай-ақ осы тарауда журналистика әлеміндегі әскери журналистік материалдың маңызы толық баяндалады және әскери органдардың ресми баспасөз қызметі мен тәуелсіз журналистер арасында туындайтын мәселелер көрсетіліп, көптеген газет-материалдары пайдаланылады.
Ғылыми жаңашылдығы және практикалық маңыздылығы. Әскери саладағы қазақ тілді зерттемелердің ғылыми дамуы төмен деңгейде екенін атап өтуіміз керек. Өткенге зер салсақ, қазақ журналистикасының тарихында әскери журналистика тарихының өзі қолға толыққанды алынбады. Ғалымдардың өзі әскери тақырыпқа қатысты басты ереже мен теориялық түсініктен хабары болмады. Жұмыстың ғылыми жаңалығы мен практикалық маңыздылығы, міне, осы әскери журналистиканы жаңа деңгейге көтеру. Сонымен қатар, зерттеу нәтижелерін пайдаланып, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы әскери журналистикамен байланыс нүктесін ашу. Бұл салада сабырлы және жауапты адам ғана іс жүргізе алады.
Қазiргі ғылыми мәселелерді шешу, ахуалын бағалау. Әскери журналистиканың негізгі мақсаты – мақсатты аудиторияға брендті тақырыпты өткізу. Мұндағы қарастырылып отырған тақырып қазақ журналистикасы үшін тың жоба. Сондықтан осы зерттеу арқылы қазiргі ғылыми мәселелерді шешу, ахуалын бағалау негізгі мақсат болып табылады.
Жоғарыда айтқандарды саралай келе, жұмысымыз осы тақырып аясында қазіргі ғылыми мәселелерді шешуге, ахуалын бағалауға үлес қоса алады деп ойлаймыз.
Түйін сөздер: әскери журналистика, стрингер, қақтығыс аймағы, эмоционалды элементтер, тенденциялар, кәсіби стандарттар
Библиографиялық сілтемелер
Әжібаева Ә. Өнегеге толы өмір. «Сақшы» газеті №48. 2019.
Современная российская военная журналистика: опыт, проблемы, перспективы (Modern Russian military journalism: experience, problems, prospects) / Ред.-сост. М. Погорелый и И. Сафранчук. — М.: Гендальф, 2002. — 147 с.
ÇUBUKÇU, Mete, Ateş Altında Gazetecilik, Savaş ve Savaş Haberciliği, Metis Yayınları: İstanbul, 2005. – 66.
Dinstein, Yoram, The Conduct of Hostilities under the Law of International Armed Conflict, Cambridge University Press, (Second Edition 2010), s. 19. Роберт К. Скрытая перспектива.(Hidden perspective) Клаудберри, 2001.
Droege, Cordula, “The Interplay Between International Humanitarian Law and International Human Rights Law in Situations of Armed Conflict”, Isr. L. Rev., V.40, No.2 (2007), s. 314.
Журналистика в условиях конфликта: передовой опыт и рекомендации: Пособие с рекомендациями для работников СМИ – К.: «Компания ВАИТЭ», 2016. – 16 б.
Ел.kz порталы, «Әскери журналистика бастаулары». 2016.
Гай С, Ли Эн Пек. Медиаэтика.Ұлттық аударма бюросы. Астана. 2019.
Нысанбаев Ә. Қазақстан: ұлттық энцклопедиясы, – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 1998.
İNCEOĞLU, Yasemin, Radikal Gazetesi[Radikal Newspaper], Makaleler, 23.04.2013. – 26 б.
Князев, А.А. Журналистика конфликта. 2018 халықаралық сыйлық
Rathnayake, R. M. T. S. K., “Protection of Journalists in Armed Conflicts: An International Law Perspective”, OUSL Journal, Vol. 12, No. 2, (2017), s. 63-73.
Saul, B., “The International Protection of Journalists in Armed Conflict and Other Violent Situations”, Australian Journal of Human Rights, V.14 (2008), s. 99.
Suriye haberciliği: Kime güvenmemeli? -2013
Тапаева Н. Азаттық тілшісі алды. 2017.
Тулупов. В.Б. Экстремальная журналистика. Учебное пособие.( Extreme journalism.) – Воронеж: Изд-во ВГУ, 2000. -22–б.
Шекарасыз репортерлер сайты, 2018 году в мире убито 80 журналистов. 2018.
Young Martin. Opposable truths. 2015.
References
Amanjol Q. Maıdannan maıdanǵa deıіn [From front to front]. Jýrnalısttіk zertteý. Tań. 2014.
Ájіbaeva Á. Ónegege toly ómіr[An exemplary life]. «Saqshy» gazetі №48. 2019.
Sovremennaja rossijskaja voennaja zhurnalistika: opyt, problemy, perspektivy[Modern Russian military journalism: experience, problems, prospects]/ Red.-sost. M. Pogorelyj i I. Safranchuk. — M.: Gendal'f, 2002. — 147 s.
ÇUBUKÇU, Mete, Ateş Altında Gazetecilik, Savaş ve Savaş Haberciliği[Journalism Under Fire, War and War Journalism], Metis Yayınları: İstanbul, 2005. – 66.
Dinstein, Yoram, The Conduct of Hostilities under the Law of International Armed Conflict, Cambridge University Press, (Second Edition 2010), s. 19. Robert K. Skrytaja perspektiva.(Hidden perspective) Klaudberri, 2001.
Droege, Cordula, “The Interplay Between International Humanitarian Law and International Human Rights Law in Situations of Armed Conflict”, Isr. L. Rev., V.40, No.2 (2007), s. 314.
Jýrnalıstıka v ýslovııah konflıkta: peredovoı opyt ı rekomendatsıı: Posobıe s rekomendatsııamı dlıa rabotnıkov SMI.[Journalism in Conflict: Best Practices and Recommendations: A Guidebook for Media Professionals] – K.: «Kompanııa VAITE», 2016. – 16 b.
El.kz portaly, «Әskeri zhurnalistika bastaulary»[The origins of military journalism]. 2016.
Gaı S, Lı En Pek. Medıaetıka[Media ethics].Ulttyq aýdarma bıýrosy. Astana. 2019.
Nysanbaev Á. Qazaqstan: ulttyq entsklopedııa [Kazakhstan: National Encyclopedia], – Almaty: «Qazaq entsıklopedııasy», 1998.
İNCEOĞLU, Yasemin, Radikal Gazetesi[Radikal Newspaper], Makaleler, 23.04.2013. – 26 b.
Knıazev, A.A. Jýrnalıstıka konflıkta[Journalism in conflict]. 2018
Rathnayake, R. M. T. S. K., “Protection of Journalists in Armed Conflicts: An International Law Perspective”, OUSL Journal, Vol. 12, No. 2, (2017), s. 63-73.
Saul, B., “The International Protection of Journalists in Armed Conflict and Other Violent Situations”, Australian Journal of Human Rights, V.14 (2008), s. 99.
Suriye haberciliği: Kime güvenmemeli [Who not to trust]? -2013.
Tapaeva N. Azattyq tіlshіsі halyqaralyq syılyq aldy[RFE / RL received an international award]. 2017.
Tulupov. V.B. Jekstremal'naja zhurnalistika. Uchebnoe posobie.[Extreme journalism. Tutorial] – Voronezh: Izd-vo VGU, 2000. -22–b.
Shekarasyz reporterler saıty, 2018 godý v mıre ıbıto 80 jýrnalıstov[In 2018, 80 journalists will be killed in the world]. 2018.
Young Martin. Opposable truths. 2015.