Б. Омарұлы публицистикасындағы ақпарат беру әдістері
DOI:
https://doi.org/10.26577/HJ.2022.v64.i2.10Аннотация
Ұлттық баспасөздің дамуында өзіндік қолтаңбасы бар Б.Омарұлының журналистік қыры тақырыпты, өзекті мәселені өткір қоя білуімен ерекше. Б.Омарұлы қай мәселені жазса да, тыңғылықты, терең зерттеп барып жазатыны – өз ісіне деген жауапкершілігінің молдығынан. Оның тың идеясы мен өзгелерге ұқсамайтын тұсы – авторлық позициясының айқындығы. Бауыржанның қаламынан туған публицистикалық мақалалары, жанды мен жансызға өзіндік айшық бере отырып суреттеген публицистік эсселері оқырманның қызығып оқитын шығармаларына айналған. Сол себепті қаламының желі бар, ойы ұшқыр журналист Бауыржан Омарұлының шеберлік шеберханасына үңіліп, өзіндік ерекшеліктерін анықтау ұлттық журналистиканың зәру тақырыбы деп білеміз.
Б. Омарұлының публицистикалық шығармаларындағы проблемалық, тақырыптық ерекшеліктерін көрсетіп, көркемдік шеберлігін анықтау, сондай-ақ, оның өзіндік азаматтық көзқарасын таныту ғылыми мақаланың негізгі мақсаты болып табылады.
Б. Омарұлы – таңдаған тақырыпты жан-жақты зерттеп, уақыт салып, қайта зерттеп, толықтырып жазуға машықтанған қаламгер. Бұл оның журналистік зерттеу әдістерін терең меңгергендігін көрсетсе керек. Осы орайда публицистің тақырыпты таңдауы мен тауып қоюы шығармашылық шеберлік тұрғысынан талданды. Оның публицистикалық шығармашылығындағы жанрды (хабарлама, талдамалы, көркем-публицистикалық, эпистолярлық) жете меңгерудегі ізденімпаздығы нақты мақалаларды, очерктерді, сұқбаттарды, журналистік зерттеулерді, эсселерді талдау арқылы айқындалады. Публицист аталған жанрларды терең меңгеріп қана қоймай, оларды түрлендіруде дара қолтаңбасын танытады.
Мақалада Б. Омарұлының «Лениншіл жас» («Жас Алаш»), «Айқын» газеттерінде жарияланған публицистикалық мақалалары жанрлық, тақырыптық, проблемалық, тілдік, стильдік тұрғыдан талданып, қаламгердің дара қолтаңбасын аңғартатын ерекшеліктер сарапталады. Басқа да туындыларындағы өзіндік стилі, даралығы мен ізденімпаздығы зерттеледі.
Б.Омарұлы – ұлттық публицистикада дара қолтаңбасы қалыптасқан қаламгер. Оның даралық келбеті таңдаған тақырыбынан, мәселені тыңғылықты зерттейтін қаламгер мінезінен, ұлттық құндылықтарды қадір тұтуы мен туған жерге деген шексіз сүйіспеншілігінен, сөз өнеріне деген жоғары талғамынан көрінеді. Б.Омарұлының шығармашылығында табиғат пен адам, адам мен қоғам қатынасы, тұлғалар тағдыры ерекше көрініс тапқан. Бұл – бүгінгі жас журналистер үшін үлкен шеберлік мектебі.
Түйін сөздер: ұлттық журналистика, публицист, баспасөз, очерк, эссе.
Библиографиялық сілтемелер
2. Омарұлы Б. 11-ші қаламұш. - Алматы: Алты Алаш, 2010. - 334 б.
3. Bainbridge Jason, Nicola Goc, Liz Tynan. Media and journalism - «Ulttyk audarma burosy» КК, 2019.
4. Бердіқұлов С. Қара көзілдірікпен қарама, құрбым // Лениншіл жас, 22 шілде, 1959.
5. Бердіқұлов С. Көңілге дақ салмай қойыңыз // Лениншіл жас, 13 шілде, 1960.
6. Бердіқұлов С. Қайраттың қауқары да жоқ // Лениншіл жас, 16 сәуір, 1959.
7. Бердіқұлов С. Табанды тартыс // Лениншіл жас, 24 сәуір, 1959.
8. Бердіқұлов С. Спартакта халық көп // Лениншіл жас, 17 қаңтар, 1961.
9. Құрманғали Қ. Біз білетін Бауыржан // Егемен Қазақстан, 29 маусым, 2013.
10. Қожакеев Т. Жас тілшілер серігі. - Алматы: Рауан, 1991. -212 б.
11. Лазарева Э.А. Заголовок в газете. Учебное пособие. – У.: Издательство Уральского университета, 1989.
12. Омарұлы Б. 11-ші қаламұш. – Алматы: «Алты Алаш», 2010. -334 б.
13. Омарұлы Б. Бас редактор – погонсыз генерал, атақ-дәрежесі рәсімделмеген ғылым докторы, патентсіз өнертапқыш, лицензия алмаған конструктор//Айқын, №41(1926). 15 қараша, 2012.
14. Омарұлы Б. «Аруана бауыр дүние» кітабынан үзінді // Бала тәрбиесі, № 5, 2005.
15. Омарұлы Б. Аруана бауыр дүние. - Алматы: Шартарап, 1998. - 9-10, 19 б.
16. Тертычный А.А. Аналитическая журналистика. – М.: Издательство «Аспект Пресс», 2013.
17. Черепахов М. Проблемы теории публицистики. - Москва: Мысль, 1973. - 267 c.
18. Ыдырысов Т. Шеберлік бастауы. – Алматы: Мектеп, 1984. - 32 б.
References
1. Aupbayev ZH. Aily tun… Aidala // [Moonlit night... Boundless steppe], Leninshil zhas, 4 qyrkuiek, 1971.
2. Bainbridge Jason, Nicola Goc, Liz Tynan. Zhuralistika zhane media. [Media and journalism] - «Ulttyk audarma burosy» КК, 2019.
3. Berdikulov S. Qara kozildirikpen karama, kurbym // [Don't look through black glasses, friend] Leninshil zhas, 22 shilde, 1959.
4. Berdikulov S. Konilge dak salmai koiynyz // [Don't disappoint me] Leninshil zhas, 13 shilde, 1960.
5. Berdikulov S. Kairattyn kaukary da zhok // ["Kairat" has no strength to win] Leninshil zhas, 16 sauir, 1959.
6. Berdikulov S. Tabandy tartys // [Successful fight] Leninshil zhas, 24 sauir, 1959.
7. Berdikulov S. Spartakta khalyk kop // [There are a lot of people in Spartak] Leninshil zhas, 17 kantar, 1961.
8. Kurmangali K. Biz biletin Bauyrzhan // [Bauyrzhan whom we know] Egemen Qazaqstan, 29 mausym, 2013.
9. Kozhekeev Т. Zhas tilshiler serigi. [Companion of young journalists] -Almaty: Rauan, 1991. -212 b.
10. Lazareva E.A. Zagalovok v gazete: uchebnoe posobiye. [Newspaper headline: study guide] - Izdatelstvo Uralskogo universiteta, 1989.
11. Omaruly B. 11-shi kalamush. [11th handle]. -Almaty: Alty Alash, 2010. -334 bb.
12. Omaruly B. Bas redaktor – pogonsyz general, atak-darejesi rasimdelmegen gylym doktory, patentsiz onertapkysh, licenziya almagan konstruktor // [The editor-in-chief is a general without a shoulder strap, a doctor of science without a title, an inventor without a patent, a designer without a license] Aikyn, №41(1926). 15 qarasha, 2012.
13. Omaruly B. «Aruana bauyr dunye» kitabynan uzindi // [Mother Earth] Bala tarbiyesi, № 5, 2005. -b.
14. Omaruly B. Aruana bauyr dunye. [Mother Earth] -Almaty: Shartarap, 1998. -9-10, 19 bb.
15. Tertichnyi A.A. Analiticheskaya zhurnalistika. [Analytical journalism]- Isdatelstvo «Aspekt press», 2013.
16. Cherepakhov M. Problemy teorii zhurnalistiki. [Problems of the theory of journalism] - Moskva: Mysl, 1973.-267 s.
17. Ydyrysov T. Sheberlik bastauy. [The beginning of mastery] –Almaty: Mektep, 1984. -32 b.