Әлеуметтік қақтығыстардың қазақстандық БАҚ-тағы көрінісі. Azattyq.org басылымы мысалында

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/HJ.2023.v70.i4.5
        171 95

Кілттік сөздер:

Түйін сөздер:қақтығыс, этникааралық қақтығыстар, ұлтаралық орта, қазақтандыру, демонстрация, БАҚ, медиа

Аннотация

Бұл зерттеу этносаралық қақтығыстар мен олардың көпэтносты қоғамның әлеуметтік бірлігі мен тұрақтылығына ықпал етуіне бағытталған. Қоғам осындай қақтығыстарды қалай түсінеді, қабылдайды әрі мұндай қақтығыстар туралы оқу қандай әрекетке әкелуі мүмкін? Осы аспекттерді қалыптастыруда БАҚ атқаратын негізгі рөлге баса назар аударылады.

            Зерттеудің негізгі мақсаты – БАҚ-ты талдау арқылы Қазақстандағы этносаралық қақтығыстарды көрсетудегі дұрыс форматты, форманы анықтау және қамтамасыз ету жолдарын айқындау. Зерттеу Azattyq.org онлайн басылымы мысалында БАҚ пайдаланатын құрылымды, баяндауды және көзқарастарды қоса алғанда, талдаудың негізгі бағыттарын анықтауға бағытталған.

            Бұл жұмыстың өзектілігі – қазақстандық БАҚ-тың, атап айтқанда Azattyq.org онлайн басылымының этникааралық қақтығыстар туралы ақпаратты таратудағы рөлін қарастыру. БАҚ ақпарат таратудың маңызды арнасы болғанымен, көптеген этникалық мәселені жан-жақты көрсетуде олқылық бар екені анық. Азаматтар этносаралық динамика туралы түсінігін қалыптастыру үшін көбінесе БАҚ ақпаратына сүйенетінін ескере отырып, олардың әдістерін, әсіресе, Қазақстанның әртүрлі және көпмәдениетті жағдайында мұқият зерделеу қажет.

            Бұл зерттеуде этникалық қақтығыстардың БАҚ-та қалай көрініс тауып жүргенін зерттеу мақсатында Azattyq.org басылымы кейс ретінде алынып, зерттеудің сапалы әдісі қолданылады. Этносаралық қақтығыстарға қатысты қайталанатын материал үлгілерін, фреймдерді және дискурстарды анықтау үшін тақырыптық талдау әдісі пайдаланылды.

            Негізгі қорытындыларды келтірсек, Azattyq.org сайтының этносаралық қақтығыстар туралы материалдарында объективті тон сақталған, көбіне сарапшы пікірлерін және саяси контекстуализацияны жиі қолданатыны анықталды. 2006-2019 жылдар аралығындағы нақты этносаралық қақтығыстар жан-жақты сипатталып, Қазақстандағы осы шиеленістердің қыр-сырын, нәзік тұстарын ашып көрсетеді.  

            Зерттеу нәтижелері ксенофобия мен ұлтшылдықты азайту үшін журналистиканың жауапкершілігі мен  маңыздылығын көрсетеді. БАҚ бұрмалануының ықтимал салдарын атап көрсете отырып, қазақтандыру процесінің патриотизмге, мәдениетке және тілге әсері талқыланады.

            Зерттеу этносаралық қақтығыстардың қазақстандық БАҚ-та, әсіресе, Azattyq.org онлайн басылымында қалай жазылатыны туралы нақты түсінік беру арқылы тиісті білім саласына үлес қосады.

            Нәтижелердің практикалық маңыздылығы журналистер мен медиа ұйымдарды этносаралық қақтығыстарға қатысты тақырыптарды жауапкершілікпен жаза отырып, осы ұсыныстарды медиа практикада қолданылуында жатыр. Саяси шеңбердегі оқиғаларды баяндау мен контекстуализациялаудың нюанстарын айта отырып, зерттеу әлеуметтік келісім мен түсіністікке ықпал етіп, неғұрлым саналы және толерантты әлеуметтік диалог құру үшін құнды ұсыныстар жасайды.

Библиографиялық сілтемелер

References:

Aksholakova, A., & Ismailova, N. (2013). The Language Policy of Kazakhstan and the State Language in Government Service. Procedia - Social and Behavioral Sciences, 93, 1580-1581.

Brooks, B. S., Kennedy, G., Moen, D. R., & Ranly, D. (The Missouri group). (1999). News reporting and writing (6th ed.).

Entman, R. (2000). Declaration of Independence: The Growth of the Media after the Cold War. In B. Nacos, R. Shapiro, & P. Isernia (Eds.), Decision Making in a Glass House (pp. 4). Lanham: Rowman & Littlefield.

Huntington, S. P. (1993). The Clash of Civilizations? Vol. 72, No. 3, 22-49.

Kashkinbayev, А. T. (2019). Evaluation of the Role of Media and Language Policy in the Stabilization of Interethnic Relations at the Present Stage: The Example of a Multinational Kazakhstan

Lichbach, Almeida, P., & Mark. (2003). To the Internet, from the Internet: Comparative Media Coverage of Transnational Protests. Mobilization, 8(3), 249-272.

Mozingo, D. M. (2015). An Analysis of the Factors that Influence Ethnic Conflict and Minority Violence in the Western Balkans (pp. 9-10).

Muminova, F. (2002). National Identity, National Mentality, and the Media. Central Asia and the Caucasus, 5(17).

Peake, J. (2001). Presidential Agenda Setting in Foreign Policy. Political Research Quarterly, 54(1), 69–86.

Ryan, M. (2001). Journalistic Ethics, Objectivity, Existential Journalism, Standpoint Epistemology, and Public Journalism. Journal of Mass Media Ethics, 16(1), 3-22.

Stoker, K. (1995). Existential Objectivity: Freeing Journalists to be Ethical. Journal of Mass Media Ethics, 10, 5–22.

Tajfel, H., & Turner, J. C. (1979). An Integrative Theory of Intergroup Conflict. In W. G. Austin & S. Worchel (Eds.), The Social Psychology of Intergroup Relations (pp. 33-37).

Surucu, C. (2002). Western in Form: Eastern in Content: Negotiating Time and Space in Post-Soviet Kazakhstan (paper presented at the TOSCCA workshop “Kazakhstan”).

Tussupova, D. (2010). Mass Media and Ethnic Relations in Kazakhstan. Problems of Post-Communism, 57(6), 32-45.

Electronic Resources:

https://www.azattyq.org/a/1176904.html

https://rus.azattyq.org/a/the-kazakh-authorities-do-not-recognize-ethnic-conflicts-/31001861.html

https://www.azattyq.org/a/kazakhstan-press-review-ethnic-clashes-nazarbayev-grandson/30435696.html

https://www.azattyq.org/a/1176904.html

https://www.azattyq.org/a/24497515.html

https://www.azattyq.org/a/27976977.html

https://www.azattyq.org/a/kazakhstan-kordai-clash/30428384.html

https://www.azattyq.org/a/kazakhstan-interview-with-tolganay-umbetalieva-about-conflict-in-sortobe-and-masanchi/30426556.html

https://cabar.asia/ru/eksperty-v-kazahstane-zakryvayut-glaza-na-mezhetnicheskie-konflikty

https://www.caravan.kz/articles/o-voprosakh-zhurnalistskojj-ehtiki-372829/

Жүктелулер

Как цитировать

Mussa, N. ., & Myssayeva, K. (2023). Әлеуметтік қақтығыстардың қазақстандық БАҚ-тағы көрінісі. Azattyq.org басылымы мысалында. Журналистика сериясы, 70(4), 39–47. https://doi.org/10.26577/HJ.2023.v70.i4.5

Шығарылым

Бөлім

Журналистика: Қоғам. Тарих. Саясат. Заң. Экономика.